Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алимент төлемейді: Сиви Махмұди бұрынғы күйеуі жайлы

0 297

Сиви Махмұди бұрынғы күйеуімен ара қатынасы жайлы айтты. Әнші махаббат тақырыбында ой қозғады,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Сиви Махмұди жақында көпшіліктен жасырған сырын айтқан еді. Әнші бір жылдай бұрын күйеуі екеуі екі жаққа кеткенін айтты.

“Күндер зулап, айлар алмасып, жылдар жалғасып жатыр. Екі бөлек кеткенімізге 1 жыл болып қалды. Өнерімдегі жаңалықтарды бақылап жүрген жұрт жеке өмірімде не болып жатқанын қайдан сезсін… Отбасымды қорғағым келді 10 жыл бойы… Ата-анамның үмітін ақтау үшін, балаларымның бағы бүтін болуы үшін барымды салдым. Ешкімді кінәламаймын. Бәрін кешірдім. Жылды осылай қорытындыласам да, Жаңа жылдан күтерім көп”, – деп жазды әнші.

Алайда әнші қазір балаларының әкесімен араласпайтын көрінеді.

“Әкесі балалары үшін алимент төлемейді”, – деді ол.

Одан бөлек махаббат тақырында ойын айтты. Әнші 4-5 жас айырмашылық екі жас арасында кедергі емес деп ашық айтты. Алайда көп жас айырмашылығы кедергі болуы мүмкін.

“Негізі, махаббат жасқа қарамайды. Бірақ араларында өте үлкен айырмашылық болмауы керек деп ойлаймын. Менің ойымша 4-5 жас кіші болса онда тұрған ештеңе жоқ”, – дейді Сиви.

“10-15 жас айырмашылықпен де жақсы тұрып жатқандар бар ғой”, “Ол әркімнің өзіне байланысты, жасқа байланысты емес”, “Аса үлкен не кіші болған жаман, ағаң не әпкең секілді”, “Адам үлкен жаста да өзін жас сезінуі мүмкін”, “Бәріңе адал махаббат бұйырсын”, “Жас қыздарға неге қызығады екен, қызы мен әкесі секілді көрінеді“, –деп жазды желідегілер.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.