Жамбыл облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтуде. Брифингте шаһар басшысы қаланы дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған үш жылдық жоспарымен таныстырды.
– Өздеріңіз білесіздер әр жылдары қаланың даму жоспары бекітіліп, сол бағыттағы атқарылатын жоспарлар әзірленеді. Бүгін өздеріңізбен 2023-2025 жылдарда жүзеге асқан жұмыстарды баяндап өттім. Енді 2026-2030 жылдарға арналған Тараз қаласының даму жоспары аясында негізгі атқарылатын жұмыстара қысқаша тоқталып өтсем.
Алдағы бес жылда шаһардағы 500-ден аса көше орташа жөндеуден және 12 көше қайта жаңғыртудан өтеді. 293 көшеге жарық шамдары орнатылады. Даму жоспарына сәйкес,116 аула абаттандырылады.
28 футбол алаңшаларын салу жоспарлануда. Сондай-ақ, жаңадан соғылып жатқан «Балауса» және «Шапағат» шағынаудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы көзделген.
«Жасыл белдеу» бағдарламасы аясында 80 га жерге 100 мың тал көшеттерін егу және жаңадан соғылып жатқан шағынаудандарға 19 мың тал көшеттерін егу қарастырылған.
Білім саласында 2026-2030 жылдар аралығында 3000 орынды құрайтын 4 мектептің құрылысы жүргізіледі. Сондай-ақ алдағы бес жылда 25 мектеп күрделі жөндеуден өтеді, – деді қала әкімі.