Қалалық қоғамдық-саяси газет

Альберт Линдердің өз өзіне қол жұмсауы: Полиция істі жауып тастады

0 233

«Өз өзіне қол жұмсаған» ауыр атлетші Альберт Линдердің өлімі бойынша қылмыстық іс жабылды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция бөлімінің мәліметінде қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабының 1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес «әрекетте қылмыс құрамының болмауына байланысты» іс тоқтатылды деп көрсетілген.

«Мен 19 қараша күні істің жабылғаны туралы хабарлама алдым. Олар істі екі айға жуық созып жүрді де соңында бір жапырақ қағаз жіберді. Мен тергеушіге қоңырау шалып жала жабу бойынша жіберген құжаттарымның неге қаралмағанын сұрадым. Ол мұның қаралып жатқанын айтты. Әлі күнге дейін қаралуда», – деді марқұмның анасы Наталья Линдер Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Анасы бұл іске қатысты Олимпиаданың қола жүлдегерлері Карина Горичева мен Игорь Сон, 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Зелімхан Әбубәкаровтердің куәлік бергенін атап өтті.

Сондай-ақ ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Сергей Седовтан жеке жауап алған.

«Жеке жауап алу кезінде тергеушілер допинг-бақылауды қай зертхана жүргізгенін, Альберттің оны қолданғанын қайдан білгені жайында сұрады. Седов бұл туралы Альберттің өзі айтты деп жауап берді. Сонымен қатар ол бақылау ресми жүргізілмегенін, сондықтан Альберттен сынақты нақты қандай зертхана алғаны есінде қалмағанын жеткізді», – деп түсіндірді анасы.

Бүгін Наталья Линдер «Жала жабу» бойынша арыз жазған, өйткені қыркүйекте КТК телеарнасына берген сұхбатында Седов Альберттің допинг мәселелері Рио Олимпиадасының алдында басталғанын айтқан.

«Альберттің бапкері Сергей Седов ұлым қайтыс болғаннан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Ол баламның төрт допинг сынамасының нәтижесі таза, ал соңғы бесіншісі «таза емес» болып шыққанын айтты. Онда допинг компаниясы келіп банкаларды ұсынып, құжаттар толтыратынын айтқан. Содан кейін біз Альберттің 29 допинг тексеруден өткенін және олардың барлығы таза болғанын білдік. Осы факті бойынша мен арыз жазып барлық құжаттарды полицияға бергенмін», – деп атап өтті ол.

Ұлттық допингке қарсы орталықтың құжатында Альберт Линдердің 2013-2018 жылдар аралығында 29 сынамадан өткені және олардың барлығы бірдей таза болғаны айтылған.

Альберт Линдердің қазасы мен ауыр атлетикада туындаған жанжал

Қазақстандық ауыр атлет, еліміздің бірнеше дүркін чемпионы және Азия чемпионы Альберт Линдердің қайтыс болғаны жайлы 17 қыркүйекте белгілі болды. Ол небәрі 25 жаста еді. Спортшы өз-өзіне қол жұмсаған. Зілтемірші қайтыс болғаннан кейін полицейлер Қылмыстық кодекстің 105-бабымен «Өзін-өзі өлтіруге апару» бойынша іс қозғады.

Альберт Линдердің қазасы қоғамда толқу туғызды. Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы және қазіргі мүшелері жаттықтырушылар тарапынан физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық болатынын, олардың ақшаларын тартып алатыны және допинг сынамасын өзгертетіні туралы айтқан.

Бұл оқиғаға министрдің араласуынан кейін жаттықтырушылар штабының өрескел заң бұзушылықтары анықталып, ұлттық құраманың бас бапкері Бақыт Ахметов, бас бапкер Сергей Седов және басқа қызметкерлер жұмысынан босатылған.

Ұлттық құрамаға бас бапкердің тағайындалуынан туындаған жаңа дау

2021 жылдың 6 қарашасында Талдықорғанда Ұлттық Олимпиада комитетінің қатысуымен Спорт және мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлованың төрағалығымен жаттықтырушылар кеңесінің отырысы өтті.

Мәдениет министрлігі мәліметінше, жаттықтырушылар кеңесінің отырысында ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып Дәурен Бекмұханбетов сайланды және ол жаттықтырушылар құрамының жаңа құрамын жасақтайды.

Алайда кеше Дәурен Бекмұханбетов мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, ол әлі ресми түрде бас бапкер қызметіне тағайындалмаған және құжаттары жоғалып кеткен.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.