Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Алаяққа сеніп, сан соғып қалмаңыз!

0 290

Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Тараз қаласы аумағында алаяқтық істердің тіркелуі өткен жылмен салыстырғанда 76,9 пайызға өскен. Алайда ашылу көрсеткіштері 11,8 пайызға жақсарған.

Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп күн сайын интернет-алаяқтықтың таралуына жол бермеу мақсатында күнделікті профилактикалық ісшаралар жүргізуде.

Профилактикалық жұмыс барысында учаскелік полиция инспекторлары мен криминалдық полиция қызметкерлерінен құралған топтар ай сайын азаматтарға 15-20 мың дана буклет пен жадынама тарату арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамдық орындарда плакаттар жапсырылуда. Сонымен қатар көшеде жəне аулаларда учаскелік жəне патрульдік полиция инспекторлары дауыс ұлғайтқыш құрылғы арқылы алаяқтықтың алдын алу бойынша аудиожазбалар таратуда.

Орта жəне шағын бизнес өкілдерімен тығыз ынтымақтастық нəтижесінде қала кинотеатрларындағы сеанстар алдында халыққа алаяқтықтың алдын алу бойынша бейнероликтер көрсетіліп, LED-экрандарда, билбордтарда, сауда орталықтарының, супермаркеттердің, дүкендердің электрондық таблоларында жүгіртпе жол жарялануда.

Ірі супермаркеттер, сауда орталықтары мен базарларда, қоғамдық көлікте жəне адамдар көп жиналатын басқа да жерлерде алаяқтық туралы түсіндірме аудиожазба қойылып келеді. Бұдан бөлек, жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен қала көшелерінде хабарлау билбордтары орналастырылған.

Оқу кезеңінде қаланың барлық білім беру мекемелерінде ювеналды полиция қызметкерлері оқушылармен, алаяқтықтың алдын алу бойынша дəрістер өткізілуде. Сонымен қатар оқушылардың атааналарымен, педагогикалық ұжыммен түсіндірме əңгімелер өткізілуде.

Учаскелік полиция инспекторлары күн сайын бекітілген əкімшілік учаскелерде халықпен, оның ішінде алаяқтардың алдауына түсуге бейім. Атап айтқанда мүгедектер, жалғызбасты аналар мен зейнеткерлердің үйлерін аралауда.

Дедек ТӨЛЕН

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.