Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қаламгер құрмет құшағында

0 287

Қазақ поэзиясының ақ гүлі атанған көрнекті ақын Күләш Ахметованы білмейтін қазақ кемде-кем. Оның сырға толы нәзік өлеңдерін бүгінде барша қазақ жатқа айтады десек, қателеспейміз. Ұлт руханиятына сүбелі үлес қосқан қаламгер күні кеше 77 жасқа толды. Осыған орай қала әкімі Бақытжан Орынбеков ақынның шаңырағына арнайы барып, туған күнімен құттықтады.

– Сізге еліктеген талай жас дарын қалам ұстап, әдебиеттің ауылына ат басын бұрды. Бүгінде Күләш Ахметова деген есімді естіген әрбір адамның ойына мөлдір поэзия қатар оралады. Өйткені бұл екеуі егіз ұғымға айналып кеткен. Сіздің Жамбыл облысында тұрып жатқан Мемлекеттік сыйлықтың жалғыз иегері екендігіңіз де көпшілікке мәлім. Бұдан да басқа марапаттарыңыз жетерлік. Бұл – шынайы дарыныңызға берілген лай-ықты әрі әділ баға. Өзіңізді дүниеге есігін ашқан айрықша күнмен құттықтай отырып, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін. Әрдайым беделдің биігінен, абыройдың асқарынан түспеңіз, – деген шаһар басшысы қаламгерге сый-сияпаттарын тарту етті.
Күләш Ділдақызы да өз кезегінде қала әкіміне ризашылығын жеткізіп, ізгі лебізін жолдады.

Жұмаш Жолболды

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.