Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қалалық мәслихаттың сессиясы өтті

0 420

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің қатысуымен сегізінші шақырылған қалалық мәслихаттың кезекті он төртінші сессиясы өтті.
Әуелі жиынның күн тәртібіне сәйкес қалалық мәслихаттың төрағасы Кенжебек Олжабайдың депутаттар алдындағы есебі тыңдалды.

– 2023 жылдың ішінде қалалық мәслихаттың жұмысы бекітілген перспективалық жоспарға сәйкес, 11 сессия, оның ішінде кезектен тыс 9, кезекті 4 сессия өтті. Сессиялардың күн тәртібінде негізінен шаһарымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының аса маңызды мәселелері қаралды. Бұдан бөлек, жылдық жоспарға сәйкес қала бойынша білім беру саласының жай-күйі және оны жақсарту шаралары, қала объектілерін жылу беру маусымына дайындау барысы және тағы басқа өзекті мәселелер көтерілді. Сондай-ақ депутаттарымыз қала әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы есебін тыңдап, оң бағасын берді, – деген Кенжебек Мамашбайұлы мәслихат депутаттарының алдындағы басты мақсат – халыққа қызмет ету екенін баса айтты.

Келесі кезекте Тараз қалалық полиция басқармасының басшысы Ербол Тайбеков, Тараз қаласы білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу іс-шараларының орындалу барысы, Тараз қалалық мәслихатының білім беру және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Эльмира Абдинова Тараз қалалық мәслихатының білім беру және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары, Тараз қаласы әкімдігі тұрғын жай коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ғабит Алтаев коммуналдық шаруашылық саласындағы жобаларды іске асыру, қала әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жандос Ордабаев 2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №11-2 шешіміне өзгерістер енгізу, қала әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Райкүл Талқанбаева Тараз қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы кеңінен баяндады.

Сессияны қорытындылаған Бақытжан Әмірбекұлы депутаттарды шаһарды дамыту бағытында бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Жиын соңында күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.