Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Қалай ойласа, солай ойласын»: Жарқынай Ханайым кім үшін пластикалық ота жасатқанын айтты

0 355

Жуырда мұрнына пластикалық ота жасатқан Жарқынай Ханайым мұндай қадамға кім үшін және не үшін барғанын айтты. Актриса өзін сынайтындарға жауап беріп, таныстарына ескерту жасады, деп жазады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқырмандардың басым дені Жарқынайды келбетіне өзгеріс енгізгені үшін сынаған. Алайда актриса бұл жеке қалауы екенін баса айтты.

«Сізге ұнамаса жасамаңыз. Жасаған адамды даттамаңыз. Ештеңе мәжбүрлеген жоқ. Әдемі екенімді білемін. Иә, қорықпайтыным бар. Бір бойымда 10 ер адамға татитын батырлық бар. Өмірімде көп көзім жеткен. Армандап қорқып жүре бергенше, бір рет көрген жақсы деп ойлаймын», – деді ол.
Сондай-ақ Жарқынай мұндай қадамға кім үшін барғанын айтты.

«Өзім үшін. Басқа ешкім үшін емес. Кім қалай ойласа, солай ойласын. Ондай жастан өткем. Біреу үшін таранбаппын. Мен үшін өзіме ұнап, өзімді өзім қалағандай етіп сезіну маңызды. Күшті ғой өз идеалыңдағы Жарқынайға жету», – дейді актриса.

Мұрнын өзі қалағандай етіп өзгерткен Жарқынай бұдан былай пластикаға жүгінбейтініне сенімді.

«Жасым келіп жасататын процедуралар болмаса, басқасын жасамаймын», – деді Ханайым. 

Актриса таныстарына ескерту жасады.

«Мен ұялып қысылмаймын. Бірақ мені көргенде ұстап, үңіліп қарап, бір сағат әңгіме етудің де қажеті жоқ. Таныстарыма ескерту. Этика, эстетика, сосын жеке шекара дегендей. Осы басқалар мұрнын емес, толықтай бетін алып, басқа жерге қойып жатса да, жұмысым жоқ өзімнің», – дейді Жарқынай.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.