Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қалада қысыласың, ауылда ысыласың, жас маман!

0 743

«Ауылдың амандығы – елдің амандығы!» – дейді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Қазіргі таңда ауыл мектептерінің жағдайын көтеру – еліміздегі білім беру саласының басты назарында болып тұрған мәселе.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білім сапасы алшақтап барады. Негізгі мәселе – ауылдық жерлердегі білікті педагог кадрлардың тапшылығы»,- деп атап көрсеткен болатын. Шынында да, ауыл мектептеріндегі өзекті мәселелердің бірі – педагог кадрлардың жетіспеушілігі.

Бұл проблеманың оқу процесінде қаншалықты кедергі келтіретіні бәрімізге айтпай-ақ түсінікті. Көп жағдайда жас мамандар оқу орнын бітіргеннен кейін қалада немесе аудан орталықтарында жұмыс жасауды армандайды. Оқуын тәмәмдап, бірақ өз мамандықтарынан басқа салада жұмыс жасап жүрген жастар қаншама?!

Еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың білім деңгейімен, бойындағы тәрбиесімен өлшенеді. Қорыта келе айтқанда ауылдың да, қаланың да білім дәрежесін, әлеуетін көтеретін, дананы да, ғалымды да, болашақ елбасында тәрбиелейтін ол – ұстаз. Осыған орай, жастарымызды ауылға тартып, ауыл мектептеріндегі мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру шаралары мен оқушылардың білім сапасын арттыру мемлекетіміздің алдындағы негізгі міндеттің бірі болып қалып отыр.

«Қолданбалы математика және статистика» кафедрасының түлектрі осы маңызды да жауапкершлігі мол  іске де өз үлестерін қосуда. Жылда кафедрада шамамен 20-50 аралығында студенттер өз мамандығы бойынша дипломдарын алып, мектептерге орналасып, жас маман атануда. Алайда ауылға барып, жұмысқа орналасып,  жетістіктерге жетіп жатқан түлектеріміз де аз емес.

Сонымен қатар басқа облыстарға барып магистратура мен доктарантураға түсіп, білімдерін шыңдап, биіктерден көрініп жүрген түлектерімізде бар. Солардың бірі «Қолданбалы математика және статистика»  кафедрасының түлегі – Мархабатов Нурлан жақында Ресей Ғылым Академиясы Сібір бөлімінің  С. Л. Соболев атындағы математика институтында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. Мархабатов Нурлан Дарханулы Новосибирск мемлекеттік техникалық университеті «Алгебра және математикалық логика» кафедрасының ассистенті, В. И. Денисов атындағы  «Көпфакторлы объектілердің эксперименті мен анализін жоспарлау» ғылыми зерттеу лабораториясының кіші ғылыми қызметкері, Қазақ-Британ техникалық университетінің ғылыми қызметкері, Ресей іргелі зерттеулер қорының грант иегері, 2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің бірнеше ғылыми жобаларының орындаушысы болып табылады. Қазіргі таңда өзекті тақырыптарда ғылыми зерттеу жұмыстарын жалғастыруда.

Кафедрамыздың түлегі Кеулимжаева Жанар Аскербаевна – Европадағы 1222 жылы алғашқы құрылған университеттердің бірі ─ QS World University Rankings рейтингісі бойынша әлемдегі ең мықты 200 университеттердің қатарындағы Università degli Studi di Padova университетінде, математика бөлімінде докторантурада білім алып, 2021 жылы диссертациясын қорғады. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті «Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру» факультетінің жас ғалымдар кеңесінің төрайымы, Жоғары математика кафедрасының оқытушысы, PhD докторы және осы  факультетте жас ғалымдар кеңесінің төрайымы. Жас ғалымдарға кәсіби деңгейлерін арттыру үшін жәрдемдесіп, ғылыми білімді және соңғы ғылыми жетістіктерді насихаттауда белсене ат салысады. 2021 жылдың сәуір айында «Бөбек» Жалпы ұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанасындағы бірлестігінің қолдауымен шығарылатын «Үздік жас ғалым – 2020» атты талантты жас ғалымдардың кітап жинағына мақаласы қабылданып, «Ең үздік жас ғалым-2021» төс медалімен және  1 дәрежелі дипломмен марапатталды.

 Турткулбаева Замира Отебайкызы, 2013 жылы 15 мектеп гимназиясында 2019 жылдан бастап №3 мектеп-лицейде математика пәні мұғалімі болып жұмыс жасайды. Педагог-зерттеуші санатында және 2021 жылдың «ҮЗДІК ПЕДАГОГ» қалалык байқауының  2 орын жеңімпазы атанған.

Сонымен қатар, ауылдық жерге жұмысқа келген жас мамандар туралы, жас мамандардың кішкене де болса ауылдың өркендеуіне, өсуіне қосып жүрген үлестері туралы тоқталып өтсек. Кафедрамыздың биылғы жылғы түлегі  Тұрсынбай Оралхан Мұратұлы,  2006-2017 жылдар аралығында Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектепті Алтын белгіге бітіріп, 2017 жылы  М.Х. Дулати атындағы Тараз Өңірлік Университетінің «Ақпараттық технологиялар» факультетіне   оқуға түсті. Президенттік шәкіртақы иегері болды. Университет қабырғасында белсенділер қатарында болып, Жас Отан жастар қанатының Алғыс хатымен марапатталды. 2018 жылы Өзбекстан мемлекеті, Ташкент қаласында өткен Гір тасын көтеруден Азия чемпионы атанған. Бірнеше рет облыс, Қазақстан чемпионаттарында жүлдегер болған.М.Х. Дулати атындағы Тараз Өңірлік Университетінің Әскери кафедрасында оқып, лейтенант атағын алып шыққан. 2021 жылы университетті үздік бітірген соң, Дипломмен ауылға бағдарламасымен Түркістан облысы, Созақ ауданыңдағы Шолаққорған ауылындағы Ә.Молдағұлова жалпы орта мектебіне Математика пәні мұғалімі болып жұмысқа қабылданды.  Өзінің университет қабырғасында алған теориялық білімдерімдерін тәжірибе жүзінде шындап, оқушыларға білім беруде. Қазіргі уақытта шәкірттері аудандық, облыстық олимпиадада үздіктер қатарында. Мысалы, Республикалық Алтын сақа математикалық олимпиадасында 5-сыныптар арасында 3-оқушы аудандық кезеңде үздік атанып, облыстық кезеңге жолдама алған. Осы олимпиада дан оқушылары  суырылып шығып, облыстық кезеңде 2-орынга ие болып, республикалық кезеңге жолдама алған. Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының “Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының” Алғыс хатымен марапатталған.

2019-2020 оқу жылында ұшып шыққан түлегіміз   Дүйсенов Нұрлыбек 2016 жылы қыркүйек айында М.Х Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Математика мамандығына түсіп, 2020 жылы мамыр айында  қызыл дипломмен  аяқтаған. Сол диплом арқылы өз ауылы Сарыкемер ауылы Нығметулла Киікбаев атындағы гимназия мектебіне жұмысқа тұрып, араға бір жыл салып 2021 жылы қазан айында «Математика педаготерін даярлау» мамандығы бойынша магистратураға грантқа  түсткен. Қазіргі таңда сол мамандық бойынша оқып жатқан жайы бар. Басты арманы – ауылдағы оқушыларға  білім беріп өркендету.

Кафедрамыздың түлегі Егембердиева Арайлым 2020 жылдан бастап Акмола облысы Астрахань ауданында  Старый колутон ауылында  мектепте математика пән мұғалімі қызметін атқаруда. Мектеп қабырғасында жұмыс жасап жүріп, Әль Фараби атындағы халықаралық олимпиададан, Қазақстан интернет олимпиадасынан,  Кемел академиядан, Ұстаз тілегінен,  Республикалық өрлеу бойынша,  Мың бала ұлттық олимпиадасынан жеңімпаздар дайындап, құрмет грамотасына ие болған.

Ауылда еңбек етіп, ұстаздық өмірін шыңдап жүрген осындай түлектеріміз өте көп. Біз оларға тек сәттілік тілеп, шәкірттерінің жетістіктеріне қуанып, биіктерден көруіне тілектеспіз.

Егемберді Шынар Қанатқызы

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

«Қолданбалы математика және статистика» кафедрасының аға оқытушысы 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.