Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қаладағы қураған ағаштар кесілуде

0 884

Көне шаһар – Тараз жасыл желегімен, жайқалған сәнді талдарымен көрікті. Уақытында күтіп-бапталған тал-дарақтар қаланың көркіне сән қосып, ажарын ашатыны анық. Алайда, шаһар шырайын қашырып тұрған қураған талдар да аз емес. Бұл өз кезегінде жол қауіпсіздігі мен тұрғындардың жайлы тұрмысына өз кесірін тигізіп жатады.

Соған байланысты «Жасыл ел-Тараз» мекемесінің жұмысшылары қала аумағындағы қураған талдарды кесіп, реттестіруде.

Айталық, 2023 жылы тұрғындар тарапынан 761 өтініш түсіп, 527 қураған тал қырқылған болатын. Ал ағымдағы жыл басталғалы бері қала тұрғындарынан 500-ден аса өтініш келіп түсіпті.

Нәтижесінде 337 қураған ағаш кесіліп, тиісті жұмыстар атқарылды. Қалған өтініштер бойынша тиісті жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.