Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қаладағы шөп қырқу жұмыстары қарқынды

0 372

Санаулы күндерден соң жадыраған жаз мезгілі келеді. Бұл уақыттарда өрттен келер қауіп күшейе түсері белгілі. Сондықтан тілсіз жауды болдырмау үшін ертерек қамданған жөн. Ал оның бірден-бір жолы – шөп шабу жұмыстарын жүйелі жүргізу. Бұған Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков те ерекше назар аударып, тиісті тапсырма жүктеген болатын.

Соған орай қала аумағында бүгінгі күнге дейін екі қайтара 968 000 шаршы метрде шөп ору жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар «Жасыл Ел-Тараз» мекемесінің жұмысшылары мен қала аумағындағы округтерде бекітілген мамандар да шөп орып, арық-атызды тазалау жұмыстарын күнделікті атқаруда. Дегенмен, бұл бір ғана мекеменің жұмысы деп санауға болмайды. Әрбір кәсіпорын, мекеме ұжымы мұндай іске жұдырықша жұмылып, өз аумағын шөптен тазартқаны абзал. Өйткені шабылмаған шөп өрттен туындайтын қатерді арттыра түседі.

Осы орайда, барлық қала тұрғындарынан, мекеме-нысан иелерінен өз аумақтарындағы шөпті уақытында орып, тазалық жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізуін сұраймыз. Өз қауіпсіздігіміз өз қолымызда!

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.