Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қалада қоғамдық-саяси ахуал тұрақты

0 670

Жуырда Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаилдың төрағалығымен қоғамдық-саяси ахуал бойынша келелі жиын өтті.

Басқосуда қала әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлназ Сматілдаева баяндама жасап, бүгінгі күнге тұрғындардың наразылығын тудырып отырған 5 өзекті мәселе айқындалғанын жеткізді. Сондай-ақ шаһардағы жалақыға қарыз мекемелерге де кеңінен тоқталды.
– Жалпы, 2023 жылы қала әкімдігіне митинг өткізуге 9 өтініш түсіп, 1-і иесімен кері қайтарылса, 6-ына қанағаттандырудан бас тартылып, 2 өтініш әлі қаралуда. Сондай-ақ облыстық және қалалық әкімдікке түрлі мәселелермен қала тұрғындары 58 рет жиналып, алгоритмге сәйкес тұрғындардың мәселелері бойынша тиісті шаралар қабылданды, – деді Гүлназ Есенғалиқызы.
Жиын барысында Қайрат Әбілханұлы тұрғындардың мәселесінен үнемі хабардар болуы үшін бас инспекторлар өз аумақтары бойынша тұрақты түрде кездесулер өткізіп, халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, оны жауапты бөлімдер мен мекемелерге жеткізулерін және қандай да бір мәселемен жиналған жағдайда ішкі саясат бөліміне дереу хабарлауды тапсырды. Сондай-ақ, жұмысшыларға қарызы бар мекемелердің өкілдерінен жалақының кешіктірілу себебін анықтау қажеттігін жеткізді.
Жиын соңында тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.

Жұмаш Жолболды

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.