Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қала әкімінің ардақты аналарға құрметі

0 491

 

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков Халықаралық әйелдер күніне орай қыз-келіншектер қауымымен кездесті. «Әйел – әлемнің шуағы» тақырыбында өткен шарада әуелі шаһар басшысы сөз алып, нәзікжандыларды мерекелерімен құттықтады.
– Әйел-ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тірліктің қайнар бұлағы. Бүгінде қазақ қыздары қоғамның барлық саласына да еркін араласып, тамаша табыстарға қол жеткiзiп келедi. Бұл біз үшін, ерлер қауымы үшін үлкен мақтаныш, биік мәртебе. Біздің қоғамда әйел азаматтар отбасының ғана емес, мемлекетіміздің берекесі, мерейі. Сіздердің бойларыңыздағы шексіз сүйіспеншілік, мейірім мен нәзіктік әр адамның өмірін бақыт пен берекеге толтырады.
Егемендік жылдарында қыз-келіншектеріміз үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды. Бүгінде әйелдер қауымы барлық салада жемісті еңбек етуде. Айталық, бүгінде шаһар тұрғындарының 51 пайыздан астамын нәзікжандылар құрайды. Сондай-ақ 1 011 «Алтын», 2 051 «Күміс» алқа иегерлері бар. Оларға деген ілтипат пен ізет ешуақытта ортаймайды, – деген қала әкімі өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар қыз-келіншектерге Алғыс хат пен Құрмет грамоталарын табыстады.
Келесі кезекте Тараз қалалық мәслихатының төрағасы Кенжебек Олжабай жылы лебізін жолдап, еңбегімен еленген аруларды арнайы марапаттады.
Бұдан кейін Тараз қаласының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Қосайкүл Сейдалина, «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, профессор Айгүл Қабиева, «Шапағат» корпоративтік қорының төрайымы, инватакси жобасының басшысы Севара Нурматова және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі, ақын Ғайни Әлімбекқызы ақжарма тілектерін арнап, қала әкіміне алғыстарын білдірді.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.