Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қала әкімі тараздықтарды көне шаһарды бірге көркейтуге шақырды

0 229
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков облыс орталығының тұрғындарына үндеу жасады. Әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында қала басшысы азаматтарды көне шаһарды бірге көркейтуге шақырды.
«Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Тараз қаласында республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза аула. Таза өлке. Таза ел!» экологиялық науқаны бастау алды.
Президентіміз: «Қалалар мен ауылдардың сәулетті, саябақтар мен ауланың таза болуы, ең алдымен, басқа біреуге емес, өзімізге керек. Азаматтарымыз қоғамдық орындар мен қоршаған ортаға жанашыр көзбен қарауға тиіс» деген болатын.
Тазалық – денсаулықтың кепілі ғана емес, мәдениеттің көрінісі, тәртіптің бастауы. Қашанда бай тарихымен, мол мұрасымен ерекшеленіп тұратын көне шаһар – Тараз тазалығымен де басқаларға үлгі болуға тиіс.
Тараз – ортақ мекеніміз. Сондықтан оның айнадай жарқырауына үлес қосу – баршамыздың азаматтық парызымыз. Осы ретте еңбек ұжымдарын, кәсіпкерлер мен белсенді жастарды тазалық акциясына белсене атсалысуға шақырамын! Игі істен қала тұрғындары шет қалмайды деген сенімдемін.
Қадірлі жерлестер!
Ардақты ағайын!
«Тазалық таза ұстаған жерде орнайды» деген сөз бар. Сондықтан шаһарымыздың таза болуы әрбірімізге тікелей байланысты. Ендеше, барлығымыз сүйікті қаламызды бірге көркейтейік!» – деп жазды Бақытжан Әмірбекұлы өзінің жазбасында.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.