Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қала әкімі тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады

0 326

Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков бірқатар азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Шаһар басшысының қабылдауына келген қала тұрғындары жер кезегі, тұрғын үймен қамтамасыз ету, көпқабатты үй алдын абаттандыру, жер телімінің пайдалану мерзімін ұзарту, газ және кәріз жүйесін орнату туралы сауалдар қойды. Сонымен қатар, жаңа жер телімдеріне инфрақұрылым жүргізу жөнінде де мәселе көтерді.

Қала әкімі қабылдауға келген тұрғындардың сауалын мұқият тыңдап, зерделеу жұмыстарынан кейін заң аясында шешімін табатындығын айтты. Сонымен қатар, азаматтардың өтініш-тілектерін жауапты мамандарға тапсырды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.