Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қала әкімі тұрғындардың өтініштерін тыңдады

0 387
Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков бірқатар тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Қабылдауға келген азаматтар жер кезегі, тұрғын үй мәселесі бойынша сауалдар қойды. Сонымен қатар жер телімін заңды бөлу, көше жарықтандыру, үй ауласындағы жабайы сауда нүктесімен күрес, №26 мектеп айналасына жаяу жүргінші жолын салу туралы сұрақтар жолдады.
Қабылдау барысында қала басшысы әрбір азаматтың сауалдарына тыңғылықты жауап беріп, ешқайсысының назардан тыс қалмайтынын айтты. Сондай-ақ тұрғындардың сұрағын жауапты мамандарға тапсырып, заң аясында шешімін табатынын жеткізді.
 
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.