Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қала әкімі тұрғындарды қабылдады

0 410

Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков бірқатар азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Қала әкімінің қабылдауына келген тұрғындар жер кезегі, тұрғын үймен қамтамасыз ету, көпқабатты үйлердегі жылу қысымы, жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелерге қолдау, лифтілердің жай-күйі мен аулаларды асфальттау жөнінде сауалдар қойды. Сонжай-ақ, жеке кәсіпкерлік бастау үшін жер телімі мен қолдау көрсету мәселесін көтерді.

Қала әкімі қабылдауға келген тұрғындардың сауалын мұқият тыңдап, зерделеу жұмыстарынан кейін заң аясында шешімін табатындығын айтты. Сонымен қатар, азаматтардың өтініш-тілектерін жауапты мамандарға тапсырды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.