Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қала әкімі тұрғындарды қабылдады

0 232

Бүгін Тараз қаласының әкімі бірқатар қала тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдады. Қабылдауға келген азаматтар жер кезегі, тұрғын үй мәселесі бойынша сауалдар қойды. Сонымен қатар, алқаптарға ауыз су құбырын тарту, жылы аялдама салу үшін орын беру, көпқабатты үй ауласын абаттандыру, қоқыс алаңшасының маңына бейне бақылау орнату сынды мәселелер көтерді.

Сонымен қатар «Барысхан» алқабындағы көше жарықшамдары мен жаяу жүргіншілер жолы, ауыз су, балалар ойын алаңшасы, бағдаршам мен жол белгілері, электр бағаналарының жай-күй туралы сұрақтар жолдады.

Қабылдауға келген қала тұрғындарының әрбір сауалы назардан тыс қалмайды. Азаматтардың сұрағын жауапты мамандарға тапсырып, заң аясында шешімін табатынын айтты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.