Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қала әкімі тұрғындар сауалын тыңдады

0 298
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков бірқатар азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғындар абаттандыру және көшелердің тазалық мәселесі, балалар ойын алаңы, тротуар салу, заңсыз құрылыс жұмыстары жайында, жер кезегі, тұрғын үймен қамтамасыз ету, үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу, жол белгісін орнату туралы сауалдар қойды.
Сонымен қатар жердің пайдалану мерзімін ұзарту, арықпен суару жүйесін қалпына келтіру жөнінде мәселелер көтерді.
Шаһар басшысы қабылдауға келген тұрғындардың сауалын мұқият тыңдап, заң аясында шешімін табатындығын айтты. Сонымен қатар, азаматтардың өтініш-тілектерін жауапты мамандарға тапсырды.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.