Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қала әкімі сенбіліктен шет қалмады

0 334

Наурыз айынының басында Таразда 2 айлық сенбілік жарияланған болатын. Соған орай бүгін «Тонкуруш» алабында қала әкімі Бақытжан Орынбеков алғашқылардың бірі болып тал көшеттерін отырғызды. Тазалық шарасына қала тұрғындары мен еріктілер де белсене атсалысты.
– Өткен аптадан бері сенбілікке қатысушылардың саны артып келеді. Бұл әрине өте құптарлық іс. Қала бәрімізге ортақ болғандықтан әрбір тұрғын оның тазалығына жауапты екенін де ұмытпауы керек деп ойлаймын. Жалпы биыл шаһар бойынша 15 мың көшет отырғызу жоспарда бар. Оның 7 мыңнан астамы көктемде, қалғаны күзде егілетін болады. Сондықтан барша жерлестерді аталған тазалық акциясына жұмыла атсалысуға шақырамын!, – деді Бақытжан Әмірбекұлы.
Жалпы бұл күні Жамбыл даңғылының бойы мен «Тонкуруш» алабына 22 түп туя, 120 түп қарағай ағашы егілді.
Сондай-ақ сенбіліктен қала әкімі аппаратының қызметкерлері мен «Жасыл ел» мекемесінің жұмысшылары да шет қалмады. Олар Айша бибі көшесінің бойына 250 түп ерен, 53 түп қарағай ағаштарын отырғызды. Бұдан бөлек әрбір округке 740 түп жеміс ағашы, оларда тиісті жерлерге егілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.