Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қала әкімі қаладағы жол жөндеу жұмыстарымен танысты

0 282

Қала әкімі Б.Орынбеков қаладағы жол жөндеу жұмыстарымен танысты.

Алдымен, шаһар басшысы Мәмбет батыр көшесін аралады. Бұған дейін қала әкімі аталған көшеде жол жамылғысы дұрыс төселмегендіктен, жауаптыларға кемшіліктерді түзету бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеген. Бұл мәселе бойынша мердігерге ақауларды тез арада жою үшін 2 бірдей хат жолданған. Алайда, бүгінгі күні мердігер тарапынан нақты шаралар қабылданбаған.

Бұл тұрғыда Бақытжан Әмірбекұлы мердігердің өз міндеттемелерін орындамағаны үшін заң аясында, Шартты бұзуға дейін жан-жақты шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Барлық жұмыс сапалы және уақытылы аяқталуы тиіс.

Сондай-ақ, бүгінгі күні қала тұрғындары Громов көшесіндегі жөндеу жұмыстарының кешіктіріліп жатқанына байланысты наразылық білдіруде. Аталған көшенің құрылыс жұмыстарына жауапты «KATSA» ЖШС елімізде битум тапшылығына байланысты жұмыстың тоқтап тұрғанын жеткізді. Мердігерге шарттың жалпы сомасының 30% мөлшерінде материалдарға, оның ішінде битум сатып алу үшін аванс бөлінгенін ескере отырып, битумның болмауына байланысты жұмыстардың тоқтап негізсіз болып танылады . Сонымен қатар аталған көшенің жамылғысы да төселмегені анықталды.

Қала әкімі ТҮКШ бөлімінің жауапты мамандарынының мердігермен байланыс деңгейін сынға алды.Аталған нысан бойынша жұмыстарды қайта бастау және Шартқа сәйкес мердігерге қатысты айыппұл санкцияларын қолдану бойынша нақты тапсырмалар берілді.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.