Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қала көркі — тазалық

0 481

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» атты 5 апталық республикалық экологиялық акциясы жарияланған болатын. Таразда да 11 сәуір – 11 мамыр аралығында «Таза өлке» апталығы басталды.

Апталық барысында елді мекендердің тұрғындары, қоғам белсенділері, мекеме, кәсіпорын қызметкерлері іргелес аумақтар мен аулаларды тазартады.

Бүгін «Тараз Транс Энерго» МКК Комратов көшесінің аумағына тазалық жұмыстарын жасады.

Экологиялық акцияда мекеменің 60 қызметкері санитарлық тазалық жасап, тал балақтау жұмыстарын атқарды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.