Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қала күніне арналған күзгі кросс

0 531

Бүгін қала күні мерекесіне орай Орталық алаңда күзгі кросс өтті. Марафонның ашылу салтанатында қала әкімі Бақытжан Орынбеков сөз сөйлеп, көпшілікті мерекемен құттықтады.

– Бұқаралық спорт мемлекет саясатының басты бағыттарының бірі. Мәні бөлек шараның мақсаты – спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізу арқылы қала күнін мерекелеу, халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау және барлық жастағы азаматтарды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту шақыру. Осы орайда бүгінгі спорт бәсекесіне белсене қатысқан қала тұрғындарына шынайы алғысымды білдіремін, – деген Бақытжан Әмірбекұлы қатысушыларға сәттілік тіледі.

Марафонға жалпы 2000-нан астам адам қатысты. Олар орталық алаңнан Тұңғыш Президент саябағына дейін жүгіріп өтті. Нәтижесінде мәреге бірінші болып №932 қатысушы Андрей Калюжный келді. Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Жұмаш Жолболды

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.