Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қала күні қарсаңындағы қызықты шаралар

0 1  413

Тоғыз жолдың торабында орналасып, көне дәуірлердің естелігі іспетті адамзат мәдениетінің биігінде айтарлықтай із қалдырған көне шаһар Тараз күн санап көркейіп, шырайы ашылып келеді.

Қасиеті мен өсиеті домбыраның қос ішегіндей қатар өрілген екі мың жылдық тарихы бар шаһарға қоныстанған тұрғындардың да, көркін тамашалауға келген туристердің де қатары артып келеді. Содан болар, Тараз көпшіліктің сүйікті қаласына айналып, туған күні жалпыхалықтық мереке ретінде кең көлемде тойланып келеді.
Жылдағы дәстүр биыл да жалғасып, аумақтық округтер Қала күні мерекесін атап өтуді бастап кетті. Атаулы күнге орай, тұрғындар арасында бұқаралық спорттық жарыстар өтіп, түрлі қызықты іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі – №4 және №9 аумақтық округ тұрғындары арасында өткен спорттық бәсеке. Мұндай қызықты іс-шара пробация есебінде тұрған азаматтар арасында да ұйымдастырылды. Шара соңында белсене қатысқан қатысушыларға арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Осы ретте жергілікті тұрғындарға ерекше көңіл-күй сыйлауға қала әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің мамандары белсене атсалысқанын айта кеткен абзал.

Лаула Сейділда

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.