Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алғыс арқалаған «Ассамблея жастары»

0 730

Еліміз егемендігін алған отыз жылдан астам уақыт ішінде алған асуларымыз жетерлік. Ол, әрине, елдегі татулық пен бірліктің арқасы. Себебі бірлік пен бейбітшілік болмаған жерде тәуелсіздік бағы да баянды болмайды.

Елдегі осы бір бейбітшілік пен келісімге себепші болып отырған бірден-бір орган бар. Ол – Қазақстан халқы Ассамблеясы. Бүгінгі таңда Қазақстанның этносаралық саясаты әлемге үлгі болып отыр. Әлем қауымдастығы жоғары бағалап отыр. Әсіресе ұйым жанынан құрылған ерікті жастар қозғалысының қоғамға тигізіп келе жатқан пайдасы зор. Соңғы жылдың ішінде ғана ауыз толтырып айтарлық жұмыстарды жүзеге асырған Тараз қаласының «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі тиімді тіршілігімен көпшілікті таңғалдырып келеді.
Түрлі этнос өкілдерінің достық, белсенді азаматтық патриотизм және Қазақстанға деген сүйіспеншілік үлгілерін көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында өткен жылдың ішінде этномәдени бірлестіктер, Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық құрылымдарының қатысуымен «Қыран елім – Қазақстан» республикалық жобасы аясында «Ассамблея жастары» РҚБ қатысуымен «Таза табиғат» жалпы республикалық экологиялық акциясы, ҚХА еріктілері мен қайырымдыларының «Жанашыр жүрек» қайырымдылық акциясы, өзге этностардың мемлекеттік тіл мен қазақ халқының салт-дәстүрлерін білуі мен құрметтейтінін көрсететін қазақстандық этностардың қатысуымен «Сен деп соғар жүрегім» патриоттық челленджі, этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен қазақ ұлттық өнерін жетік меңгерген этникалық топтар өкілдерінің «Өнеріміз саған, Қазақстан!» фестивалі, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрылымдарының қатысуымен Мемлекеттік Әнұранды бір мезгілде орындау, этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен түсірілген «Тал ек!», «Кітап сыйла!» іс-шаралары өткізілген еді.
Сонымен қатар «Жамбыл облысының Махмұт Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігі» және «Ассамблея жастары» өңірлік қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Достық үйіне «ашық есік» күні өтті. Шара «Жаңа Қазақстан бөбектері» облыстық жобасы бойынша жүзеге асырылды. Шараға Тараз қаласының №24 гимназиясының оқушылары мен ұстаздары қатысып, оқушылар үшін арнайы экскурсия ұйымдастырылып, этностардың ұлттық экспонаттары көрсетіліп, Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы мен «Ассамблея жастары» РҚБ-ның қызметі туралы айтылды. Экскурсия барысында қатысушылар түрлі этностардың мәдениеті, этномәдени бірлестіктердің жұмысы туралы көптеген қызықты мағлұматтар алды.
Сондай-ақ облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының әлеуметтік желілеріне 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп түсірген бейнероликтер әлеуметтік желілер мен өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының «Youtube» арнасына жүктеліп, посттар салынды.
Ал 2022 жылдың 13 қыркүйегі күні Меркі ауданындағы демалыс орталығында облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «ҚХА жастары-2022» облыстық жастар лагері өтті. Облыстық форумның негізгі мақсаты – жастардың заманауи білімін арттыру, жастардың өзін-өзі танытуы және кәсіби, шығармашылық дамуына жағдай жасау.
Сондай-ақ өткен жылдың 14 қазанында жастарға кеңес беру мақсатында Достық үйінде білім беру, жұмысқа орналастыру және кәсіпкерлік салаларындағы жастарға арналған қолданыстағы бағдарламалар, жобалар және басқа да мүмкіндіктер туралы (жергілікті уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен) хабардар ету мақсатында Жамбыл облысы «Жастар ресурстық орталығы» КММ, «Сенімен болашақ» РҚБ және «Ассамблея жастары» РҚБ бірлесіп «Кеңес беру алаңына» қала жастары шақырылды. Шараға 40-тан астам жас қамтылды. Кездесуге келген жастар қолданыстағы бағдарламалар, жобалар, білім беру, жұмыспен қамту және кәсіпкерлік салаларындағы бағыттар туралы біле алды. Ал бірлік пен татулықтың құндылықтарын нығайту мақсатында ағымдағы жылдың 25 қазанында «Қыран елім – Қазақстаным» жобасы аясында «Сен деп соғар жүрегім» акциясын ұйымдастырды. Шараға облыс жастарын тарта отырып, патриоттық челлендждер сериясын іске қосты. Акция барысында өңірдің бір топ жастары – «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің мүшелері түрлі тақырыптағы акцияларға белсене қатысты.
Сонымен қатар 2022 жылдың 27-28 қазанында Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен «Ассамблея жастары» РҚБ «Your-Path» білім беру платформасымен бірлесіп, «DemoDay» форматында «Болашақ жастардікі. Әлеуметтік жобаларды құру бойынша бастамаларды дамыту» атты тренинг өткізілді. Ерекше форматтағы кездесуге «Ассамблея жастары» РҚБ, облыс жастары мен БАҚ өкілдері қатысты. Қатысушылар тренинг барысында «Your-Path» инновациялық зертханасында кәсіпкерлікті дамыту және оның білімін қолдану бойынша білім алды. Оның ішінде 16 студент өз жобаларын әзірлеп, әрі қарай тәжірибелі тәлімгерлерден дәріс алды.
Сондай-ақ осы жылдың 23 қарашасында «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған кездесу өтті. Кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің өкілдері, «Әділдік жолы» РҚБ-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының басшысы Н.Жұбандықова, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің басшылары, облыстық «Ассамблея жастары» ҚБ өкілдері қатысты.
Ал өткен жылдың 9 желтоқсанында Т.Рысқұлов ауданындағы Құлан агротехникалық жоғары колледжі студенттері тәуелсіз Қазақстанның жетістікке жеткен тұлғаларымен «Жастардың алтын бесігі» тақырыбында кездесу өтті. Шараның басты мақсаты – тәуелсіз Қазақстан азаматтарының жетістіктерінің нақты тарихы мысалында жастарды патриоттық тәрбиелеу, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін одан әрі жетілдіру, нығайту, сондай-ақ қазақ халқының құндылықтарын насихаттау. Кездесу барысында облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық қан орталығы директоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, депутат Г.Умаров, жас кәсіпкер З.Махусеев студенттерге өз өмір жолындағы тәжірибесімен бөлісті. Шара соңында «Your-Path» жобасының негізін қалаушылары – А.Скалкин және С.Сүлейменов жастарға арнап тимбилдинг форматында кездесу өткізді.
Желтоқсан айында Жамбыл облысының «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдері ҚР АҚДМ, «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастырған «Ел бірлігі» «Тик-ток хаус» жобасына қатысты. Жамбылдық тик-токерлер командасында 8 қатысушы, олардың арасында біздің өңірдің «Ассамблея жастары» РҚБ мүшелері де болды.
Жоба барысында блогерлер жалпы мазмұны бар қысқа бейнероликтер түсіріп, оларды #qogam_life ортақ хэштегімен «Тik-tok» желісінің парақшаларына орналастырды. Біздің аймақтың тик-токерлері түсірген бейнероликтер үздіктер қатарынан көрінді.
Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да өзінің лайықты жалғасын табуда. Мәселен, жастарды этносаралық жобаларды іске асыруға тарту бойынша өңірлік «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі 2023 жылдың 1 тоқсанында 16 іс-шара өткізіп, 670 жас қамтылды. Бірнеше жобаларды іске асырды. Қайырымдылық, экологиялық, донорлық акциялар жүргізді.
Ағымдағы жылдың 20 қаңтарында Жамбыл облысының «Ассамблея жастары» РҚБ «Жасыл Тараз» қызметкерлеріне ыстық шай, бауырсақ және тәттілер таратты. Қайырымды іс-шара «Жылу» акциясы аясында өтті.
Шара барысында аталмыш қоғамдық бірлестіктің жастары қолдарына күрек алып, қала қарын тазалауға кірісіп кетті. Акция мақсаты – таңғы ұйқысын бөліп, қаламыздың көркеюіне атсалысып жүрген жандарға қыстың қатулы күндерін сәл де болса жылыту.
Жастар ұйымдарының қатысуымен қоғамдық келісімді нығайту мақсатында тұрақты жұмыс жүргізе отырып, республикалық және халықаралық мәдени-ағартушылық жобаларды ілгерілету мақсатында Жамбыл облыстық «Ассамблея жастары» республикалық-қоғамдық бірлестігінің жастары қаңтар айының 27 күні «Қоғамдық келісім» КММ-де «Этно-Party» өткізді. Бұл байқаудың ерекшелігі этнос өкілдері жеребе арқылы өздеріне түскен этнос өкілінің ұлттық киімін киіп, тағамын даярлап, этникалық топқа байланысты музыкалық нөмірді орындайды. Бұл жоба «Тик-ток» және «Инстаграм» әлеуметтік желісіне орналастырылды.
Түркияда орын алған төтенше жағдайға байланысты Жамбыл жұртшылығы гуманитарлық көмек ұйымдастырған болатын. Тараз қаласында сол жиналған заттай көмекті жөнелтуге атсалысқандар қарасы қалың болды. Олардың қатарында республикалық «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысындағы филиалы жастары да бар. Шамамен 7-8 жүк көлігін құрайтын гуманитарлық көмек жөнелтілуге үлестерін қосты.
Жастарға білім беру, жұмысқа орналасу және кәсіпкерлік мәселелері бойынша ақпарат және консультация беруге бағытталған жобаларды «Ассамблея жастары» өкілдерімен бірлесе жүзеге асыру бойынша 21 ақпан күні Тараз қаласы «Skif» сауда орталығында Жастар ресурстық орталығы және «Ассамблея жастары» РҚБ түрлі сала бойынша кеңес беру алаңын өткізді. Шара барасында жұмыспен қамту, жер мәселесі, алық мәселесі, жастарды тұрғын үймен қамту мәселелері бойынша сала мамандары тарапынан ақпарат және консультация берілді. Шараға 60 жас қамтылды.
Ал Алғыс айту күні қарсаңында Жамбыл облыстық «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі өрт сөндіру қызметінің базасына барып, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру мекемесі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Мансур Шайкрамовпен кездесіп, айтулы мерекемен арнайы құттықтады.
«Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі Алғыс айту күні аясында жыл сайынғы өткізілетін кезекті «Ерікті донор» қайырымдылық акциясын өткізді. Тараз қалалық қан орталығының қолдауымен өткен қайырымдылық акциясына қатысқан жастар үлкен ынтамен атсалысты. Алдымен тіркеу бөлімінен өтіп, зертханалық кабинетте талдама жасалды. Денсаулығы күмәнсіз қыз-жігіттер қан өткізетін бөлмеде қан тапсырды.
Алғыс айту күнінде Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясы аясында әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арналған «Қоржын» қайырымдылық акциясы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен және «Ассамблея жастарының» атсалысуымен бастау алды. Аталмыш акция бойынша 10 дана азық-түлікпен толтырылған қоржын таратылды. Бұл акция Жамбыл облысының барлық аудандарында жүзеге асырылуда.
Облыстық жастар ресурстық орталығымен бірлесіп «Алғыс айтам бәріне» челленджін жасады. Құттықтау челленджі «Инстаграм» әлеуметтік желісі арқылы жүргізілді.
Ұлыстың ұлы күні 22 наурызды «Ассамблея жастары» РҚБ белсенділері «Таза қала» акциясы аясында сенбілік ұйымдастырды. Тараздағы Сеңкібай өзені бойын жинап, айналасын қоқыстан тазартты.
Ағымдағы жылдың 31 наурызында Тараз қаласының Достық үйінде өткен республикалық «Тіл – татулық тірегі» іс-шарасы өтті. «Тіл – татулық тірегі» республикалық дөңгелек үстел отырысы аясында ҚХА «Ассамблея жастарының» «Бірлік тілі» жобасы алаңынанда өнер көрсеткен балқар ұлтының ақын қызы Алина Айдаралы №7 мектеп-гимназияның 9-сынып оқушысы Никита Парамоновпен айтыс ұйымдастырды. Сергей Семыкин мен Аяна Ким Т.Молдағалиевтің «Тіліңді қорға, қазағым!» өлеңін бірге оқыды. Шараға өңірлік «Ассамблея жастары» ҚБ жастарының «Бірлік тілі» бағытындағы атқарылған жұмыстары экранда келген қонақтарға көрсетілді.
Сонымен қатар «Ассамблея жастары» РҚБ басшылары Қордай ауданының ауыл жастарымен кездесті. Масаншы, Сортөбе және Бұлар батыр ауылдарында жастармен мотивациялық кездесулер өтті. Онда Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар ұйымының көшбасшылары жастарды мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып, Ассамблея жобаларына қатысудың әлеуметтік мүмкіндіктерін ұсынды. Аталған іс-шаралар Жамбыл облысы әкімдігінің және Қазақстанның дүнген этномәдени бірлестігінің қолдауымен өтті. Өңірдегі шаралар «Қазақ халқына мың алғысы» ескерткішінің аллеясына ағаш отырғызудан басталды. Жастармен кездесуге Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев, «Жастар Ассамблеясы» РҚБ төрағасы Т.Жұмырбаев, Қазақстанның дүнген республикалық этномәдени бірлестігінің төрағасы З.Махусеев, Қазақстанның ұйғыр жастар одағының төрағасы Р.Қайрыев және журналист, «Қазақша Speaking Club» жобасының авторы О.Спирина қатысты.
Ал қасиетті Рамазан айының қарсаңында өңірлік «Ассамблея жастары» ҚБ «Ізгілік айы» акциясы аясында ораза ұстаған қала тұрғындарына су мен құрма таратып, қасиетті мерекемен құттықтады. Акцияға қатысқан 7 жас 100-ге жуық су мен құрма таратты.
Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні мерекелері қарсаңында өңірлік ҚХА құрылымдарының өкілдері де қайырымдылық акциясын өткізді. Акцияға қатысты жомарт меценат Дамир Ташқараев жәрдемге мұқтаж адамдарға тегін тарату үшін барлығы 1 тонна форель балығын берген еді. Осы мөлшердегі қызыл балықтан 30-ға жуық балық салынған қорапшалар Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығы мен спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернатқа табысталды.
Сондай-ақ 2023 жылдың 5 мамыры күні де жақсылық жасауға келгенде алдына жан салмайтын Ассамблея жастары әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен көмекке мұқтаж жандарға да форель балықтарын жеткізді.
Осы күні Тараз қаласында Жамбыл облысының ҚХА «Ассамблея жастары» РҚБ Жеңіс күні мейрамы қарсаңында «Отан үшін от кешкендер» қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсетті. Атап айтқанда, үш ардагердің үйіне барып, оларға арнайы сыйлықтар табыстап, ізгі тілектерін айтып, қарияларға шаттық сыйлай білген елгезек жастарымыз әр ардагердің сұрапыл соғыстағы жорығы, бастан өткерген естеліктері туралы да азды-көпті хабардар болып қайтты.
Сондай-ақ Отан қорғаушылар және Жеңіс күніне орай облыстық этномәдени бірлестік мүшелері арасында кіші футболдан қалалық турнир өтті. Дүбірлі додаға 10 команда қатысты. «Ассамблея жастар» да аталған турнирде командалар қатарын толықтырды. Турнир қорытындысы бойынша «Әулиеата» қазақ мәдени орталығының футболшылары I орынды иеленді. Ал облыстық «Вынхуа» дүнгендер этномәдени бірлестігінің спортшылары II орынды алса, III орынды «Ахыска» түріктер этномәдени бірлестігі қанағат тұтты. Жарыстағы көрсеткіштеріне қарай ұйымдастырушылар тарапынан жеңімпаз командаларға бағалы сыйлықтар берілді.
26 мамыр күні Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілхановтың төрағалығымен жалпыұлттық бірлікті және қоғамдық келісімді нығайту саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру сұрақтары бойынша жиналыс өтті. Осыған орай басқа өңірлердегідей Тараз қаласының Достық үйінде Жамбыл облыстық ҚХА мен этномәдени бірлестіктер, Жамбыл облысының ішкі саясат басқармасы және «Қоғамдық келісім» КММ өкілдерінен 30-ға жуық адам жиналып, аталмыш жиынға ZOOM байланысы арқылы қатысты. Жиында бірқатар тармақтардан тұратын ҚХА-ның қызметіне қатысты әдістемелік ұсынымдар туралы сөз болды.
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Қоғамдық келісім» КММ-де «Болашақ үшін естелік» тақырыбында шара өтті. Оған ҚХА өкілдері, этномәдени бірлестік төрағалары мен өкілдері, өңірлік «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің оқытушылары мен студенттері қатысты.
Өңірлік «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдері 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай қаладағы бүлдіршіндерге балмұздақтар таратты. Бұл шараның негізі мақсаты – балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Айта керу керек, өңірлік «Ассамблея жастары» РҚБ мүшелерінің қайырымдылық акциялары өз жалғасын табады.
Осыдан 31 жыл бұрын 1992 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұраны ресми бекітіліп, мемлекеттігіміздің айшықты белгісіне айналған болатын. Осы айтулы күнге орай Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Ассамблея жастары» РҚБ-ның Мемлекттік рәміздер күнінің 31 жылдығына арнап роликтер дайындады. Сонымен қатар «Мен Қазақстанның азаматымын» республикалық челленджіне қатысты.
Ағымдағы жылдың 8 маусымында Жамбыл облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен түрлі этнос жастары арасында тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеуді насихаттауға арналған интеллектуалды «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» атты облыстық квест өткізілді. Іс-шара ксенофобия мен кемсітушіліктің алдын алуға бағытталды. Қатысушылар қатарында өңірлік ҚХА «Ассамблея жастары» РҚБ белсенділері де болды. Олар квест бойынша көзделген түрлі ойындарға қатысып, шара барысында өздерінің белсенділігі, ұйымшылдығы, ерек шығармашылығымен танылды. Топ ішінде түрлі келеңсіз жағдайларда тығырықтан жол тауып, дұрыс шешім таба білу дағдыларымен татулық пен бірліктің жаршылары ретінде де ерекшелене білді. Сондай-ақ киім кию стильдері де лайықты бағаланды. Нәтижесінде, бұл талпыныстары игілікті жеңіске әкелді.
14 маусым – Дүниежүзілік донорлар күні. 2005 жылдан бастап дәл осы күні әлемнің барлық елдерінде Дүниежүзілік донорлар күні атап өтіледі. Осыған орай «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы мен Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп «Донор бол – өмір сыйла!» атты акция ұйымдастырды. Жамбыл облыстық қан орталығында «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалымен бірлесіп, «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері және «Ассамблея жастары» РҚБ еріктілері аталмыш акцияға белсене қатысты.
Жалпы алғанда, Тараз қаласындағы игі істердің басы-қасында жүрген «Ассамблея жастары» ұйымының қызметі мұнымен шектелмейді. Өңірлік бастамалар да өте маңызды және осы жылдар ішінде жер-жерлерде қызықты жобалар іске асқанын көріп отырмыз. Алдағы уақытқа жоспарланған іс-шаралары да жетерлік.

Мұратхан ӘЛІМХАН

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.