Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Алғыс айту күні – шынайы алғыс пен ыстық ықыластың белгісі

0 2  382

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында Тараз қаласындағы №2 орта мектебінің ардагер-ұстаздарының қатысуымен «Алғыс айту күні – шынайы алғыс пен ыстық ықыластың белгісі» тақырыбында этножәрмеңке өтті.

Шарада ерен еңбегі ешқашан ұмытылмайтын, әрбір шәкірттің шамшырағы, өміріне жол сілтер темірқазығы болған ұлағатты ұстаздарға шексіз құрмет пен алғыс білдіру кітапхананың жас оқырмандары шексіз ризашылық білдірді. Жәрмеңкеде мектептің кәсіподақ ұйымының мүшесі Айнар Спатова алып, ұстаздарды мерекелерімен құттықтады. №2 орта мектептің жас ұстазы Шолақова Қарлыға Дүйсенбекқызы «Мектебім» әнін шырқаса, 4-сынып оқушылары «Алғыс» әнін орындап, ардагер ұстаздарына арнайы өлеңдерін оқып, «Ана жаным» биін тарту етті. Қалалық Ардагерлер кеңесінің білім саласы бойынша тұрақты комиссия мүшесі Несібелі Ералиева және ардагер ұстаз Алма Омарова жас ұстаздарға алғыстарын айтып, ұстаз болған күндеріндегі естеліктерін бөлісті. Кеш соңында оқырман қауым да қазақ еліне деген ыстық ықылас, жылы лебіздерімен бөлісті. Кітапхана қызметкерлері де әуезді әндер шырқады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.