Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алғашқы болып дауыс берген азаматтарға сыйлықтар табысталды

0 200

Мойынқұмда Референдум учаскесіне келіп алғашқы болып дауыс берген азаматтарға арнайы сыйлықтар табысталды.

Мойынқұм ауданының дауыс беру учаскелеріне таңертеңмен келіп, ашыла сала дауыс беруге асыққан азаматтарға сый-сыяпат берілді. Тұрғындар белсенділік танытып жатыр, көп азаматтар отбасымен бірге келген және өмірінде алғаш рет дауыс беруге келген 18 жастағы азаматтар да болды. Олар да құр-алақан қайтпай, сыйлыққа қарық болды.

Референдум – азаматтардың елді басқаруға қатысуының қуатты құралы. Бұл өз пікірін білдіру және ел болашағына әсер ететін шешімге әсер ету мүмкіндігі. Мұндай тақырыптарды талқылау шешім қабылдауға жауапты көзқарасты қалыптастырады және демократиялық процестерді нығайтады. Референдумдар нәтижесінде шикі шешімдердің алды алынып, наразылық пен түсініспеушілік бтуындамайды. Үкімет пен халық арасындағы сенімді дамытуға және нығайтуға ықпал ететін болашақ саясатты әзірлеу кезінде референдум нәтижелерін ескеру маңызды. Бұл үдеріс Қазақстанның алдында тұрған міндеттерді неғұрлым тиімді өзара іс-қимыл жасауға және бірлесіп шешуге жағдай жасайды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.