Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков көптен бері өзекті мәселе болып келген «Бурыл А,Б,В» және «Барысхан» тұрғын алқабтарында да жол жөндеу жұмыстары жайында баян етті.
– Былтыр «Бурыл» алқабындағы 75 көшенің 13-і асфальтталса, биыл қалған көшелерге толықтай асфальт жабындысының бірінші қабаты төселеді. Ал «Барысхан» тұрғын алқабында 8 көшеге биыл асфальт жабындысын төсеу жоспарлануда. Сондай-ақ ағымдағы жылы қала көшелері мен шағын аудандардың ішкі жолдарын ағымды жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, конкурс нәтижесі бойынша жеңімпаз мердігерлермен келісімшарт жасалды. Қазіргі таңда жұмыстар жаслғасуда, – деді Бақытжан Әмірбекұлы.