Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алқаптардың мәселесі – басты назарда

0 193

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Тараз қаласын аралап, әлеуметтік нысандардың құрылысы мен инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.

Аймақ басшысы әуелі «Победа» алқабындағы су құбырының құрылысын көрді. Жоба бойынша су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 109 150 метрді құрайды.
Облыс әкімі құрылыс жұмыстары суару жүйесінің жұмысына нұқсан келтірмеуі керектігін баса айтты.
Келесі кезекте Нұржан Молдиярұлы «Шөлдала» алқабының тұрғындарымен кездесті.
– Тараз қаласының маңындағы массивтердің мәселелері кезең-кезеңімен шешілуде. Атап айтсақ, газдандыру жұмыстары жүргізіліп, су құбырлары тартылуда. Ендігі кезекте жолдарды жөндеуге кірісеміз.
Электрмен жабдықтау мәселесін шешу үшін 3 қосалқы станция салу жоспарлануда. Сондай-ақ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында массивте 600 орындық мектеп салынады, – дей келе облыс әкімі тұрғындарды мәселелерді шешуде жергілікті билікпен бірлесіп әрекет етуге шақырды.
Келесі кезекте Нұржан Нұржігітов 100 орындық №34 «Бақыт» балабақшасына барды. Балабақша ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу үшін Тараз қаласы әкімдігінің білім бөліміне жобалық-сметалық құжаттаманы сапалы әрі уақытылы дайындау жүктелді.
Бұдан кейін облыс әкімі «Шөлдала» тұрғын алқабындағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығының қызметімен танысты.
Жуырда ғана мұнда 8 төсектік күндізгі стационар ашылған. Облыс әкімі алқап тұрғындарын сапалы медициналық қызметпен 100 пайыз қамтудың маңыздылығын атап өтті.
Су қоймасын аралау барысында аймақ басшысы «Шөлдала», «Құмшағал», «Қызылабад», «Казарма», «Көлтоған», «Жиделі» және қала маңындағы 28 саяжайға су құбырларын тарту жобасымен танысты.
Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз айының соңында аяқталады деп жоспарлануда.
Аймақ басшысы «Казарма» алқабында салынып жатқан 180 орынды мектептің құрылысына ат басын бұрып, жұмыстарды оқу жылы басталғанға дейін аяқтауды тап- сырды. Сондай-ақ бұл тұрғын алқапта дене шынықтыру- сауықтыру кешені салынуда. Бұл туралы тұрғындар бұған дейін өтініш білдірген болатын. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес нысан ағымдағы жылдың тамыз айында пайдалануға берілмек.

Құрмаш Қаптағай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.