Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алғанынан бергені көп аймаққа айналсын!

0 533

Жасұлан МӘУЛЕНҰЛЫ,
«Qazaq» газетінің бас редакторы,
Ақпарат саласының үздігі

Туған жер туралы сыр шертілгенде Жамбыл облысын, оның ішінде Қазақ хандығының қазығы қағылып, туы көтерілген шежірелі Шу өңірін мақтанышпен айтамын. Халқымыздың төбе биі – Төле бидің кіндік қаны тамған қасиетті өлке. Мен осы жерде дүниеге келгенімді мақтан етемін. Тоғыз жолдың торабын түйістірген, жаугершілікте халқына қорған болған туған жердің төл перзенті ретінде Жамбыл облысының 85 жылдығымен құттықтаймын!

«Туған жердің ауасы да шипа, жуасы да тәтті» дегендей, туған жерден жырақта жүрсек те, туған елге елеңдеп отыратынымыз рас. Жыл басынан бері облыста 85 жылдық мерейтой аясында ауқымды шаралар өткізіліп жатыр. Бұдан бөлек, облыс тұрғындарының қатысуымен түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, бірқатар әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. Бұл жұмыстың бәрі жамбылдықтардың игілігі үшін жасалып келеді.
Азаттық жылдарында Жамбыл облысы табысы зор, ырысы мол өлкеге айналды. Әулиеаталықтар өз татулықтары мен жүкті жұмыла көтеретін бірліктерінің арқасында барлық қиындықты еңсеріп келеді. Соңғы жылдары облыстағы инфрақұрылымдар дамып, ірі жобалардың іске асырылуы нәтижесінде жамбылдықтардың әл-ауқаты артып, тұрмысы жақсара түсті.
Бүгінгідей нарық уақытында Жамбыл облысында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, инвестиция тартуға мол мүмкіндік бар. Осы мүмкіндікті жерлестерім жіберіп алмайтынына сенімім мол. Кірісінен шығысы көп Жамбыл облысы дотациядан донорлыққа өтсін! Сол күнді көруге жазсын!
Құрметті жерлестер!
Бірлігі мен тірлігі жарасқан мерейлі мекеннің 85 жылдығы құтты болсын!
Баршаңызға бақ береке, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.