Қалалық қоғамдық-саяси газет

Аквапаркке баратын күн алыс емес

0 433

Тараз қаласында туризмді дамыту аясында Зербұлақ көлінде еліміздегі ең ірі отбасылық мәдени-сауықтыру демалыс орны салынуда.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ аймақтық директоры Арнольд Герингтің айтуынша, бұл аймақ Зербұлақ көлінен бөлек, Орталық Азиядағы ең ірі аквапаркты, аллеяны, бес жұлдызды қонақ үйді, SPA-орталықты және де қызмет көрсету саласын қосқанда, ойын-сауық орталығы типі бойынша бірыңғай кешен ретінде жұмыс істейтін нысан болмақ.
Кешен құрылысына көптеген құрылыс техникасы тартылып, 100-ге тарта жаңа жұмыс орны ашылды. Жобаның бірінші кезеңінің құны 1,2 млрд теңгені құрайды. Аттракциондардың 14 түрін және толқын тербелісі бар бассейннің генерациялау жүйесін («Polin», Түркия), аттракциондарындағы су айналымы жүйесі жабдықтарының 6 түрін («Gemas», Түркия), сондай-ақ сырғанауға арналған толқын тербелісі бар бассейндерді, балаларға арналған және де дренажды бассейндердің жұмысын қамтамасыз етуге арналған («Gemas», Түркия) жабдықтарды орнату жоспарланған. Суды тазарту жүйесіне ерекше назар аударылады. Сатып алынатын аттракциондар халықаралық стандарттарға сай және қажетті талаптарға сәйкес келеді.
Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаилдың мәліметінше, кешенді аквапарк Құрбан айт мерекесіне дейін қала тұрғындары мен қонақтарының игілігіне беріледі.

Жұмаш ЖОЛДБОЛДЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.