Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Акция аясында 16 438 балаға көмек көрсетілді

0 136

Тараз қаласы аумағында 2025 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында «Жақсылық жаса!» ұранымен республикалық дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы өткізілуде.

Бұл игі бастаманың басты мақсаты – жаңа 2025-2026 оқу жылы қарсаңында әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы төмен отбасыдан шыққан, сондай-ақ жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мектепке толық дайындықпен баруына мүмкіндік жасап, мектеп формасы мен оқу құралдарымен қамтамасыз ету.
Биыл әлеуметтік жәрдемге мұқтаж 780 оқушының тізімі жасалып, оларға көмек көрсету мақсатында қаладағы барлық мекемелер, кәсіпкерлер мен меценаттарға, жалпы саны 159 хат таратылып, акцияға өз үлестерін қосу бойынша арнайы ұсыныс жолданған болатын. Нәтижесінде шаһар бойынша әлеуметтік осал топқа жататын 16 438 балаға 53 117 мың теңгеден жалпы көлемі 873 137,2 мың теңге қаржылай көмек берілді.
Сондай-ақ акция аясында жеке демеушілер тарапынан 235 оқушыға 7 миллион 50 мың теңгеге жәрдем көрсетілді.

«JT-ақпарат»

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.