Қалалық қоғамдық-саяси газет

Акцияға әрбір азамат атсалыса алады

0 108

Биыл «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында өтеді. Науқанның басты мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасыларынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балғындарға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша олардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Жалпы республикалық акция «Бала құқықтары туралы» Конвенция аясында жүзеге асырылуда. Соған орай, Тараз қаласы бойынша айтулы акцияны ұйымдастыру және өткізу жөнінде іс-шаралар жоспары әзірленген. Мәселен, ағымдағы жылы 1 000- ға жуық балаларға көмек көрестіледі деп күтілуде.
Білім бөлімінде осы акция аясында жұмысшы тобы құрылып, оның құрамына білім қызметкерлері, қоғамдық жұмыс пен қалалық мәслихат депутаттары еніп отыр. Олар қайырымдылық акциясы аяқталғанша көмек көрсетілген отбасыларға санақ жүргізіп, талдау жасап, көмек көрсеткен демеушілердің, мекемелердің есептерін жинақтау т.б. шараларын атқаратын болады.
Сонымен қатар азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру мақсатында басқарма мен білім бөлімдерінде «жедел желі», Call-орталығы (54-86-22) жұмыс істеуде. Бұған қоса, Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат және білім бөлімдерінің «Инстаграм», «Фейсбук» желілерінде «Мектепке жол» акциясының барысы туралы ақпараттар жарияланып отыр. Көмекке мұқтаж оқушыларға көмек ұйымдастыру үшін қала әкімдігінің бөлімдері, басқарма, департамент, банк саласы, техникалық, шығармашылық, өндірістік мекемелер мен кәсіпкерлер тартылуда. Сондай-ақ бүгінгі күні жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға тағайындалған бірреттік қаржылай көмектер ұйымдастырылды.

«JT-ақпарат»

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.