Қалалық қоғамдық-саяси газет

Актер Данияр Алшынов отбасын құрды

0 447

Танымал актер Данияр Алшынов бойдақтықпен қош айтысты. Ол Ажар Күнболат есімді модельге үйленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бірер күн бұрын Ажардың ұзату тойы болып өткен. Қалыңдықты Роза Рымбаеваның келіні Ақерке Бүркітбай ұзатты. Ол жас жұбайлардың ортақ досы көрінеді.
«Құттықтауларыңызға рахмет. Айтпақшы, бұл үйлену той емес, ұзату той. Үйлену тойымыз әлі алда»,  – деп бөлісті Данияр Алшын.
Ал Данияр мен Ажар осыдан бір жыл бұрын Грузияда танысқан көрінеді.
«Біз барлығымыз өткен жылдың қазан айында Грузияда таныстық. Қызық, бірақ саяхатқа деген махаббат өмірді түбегейлі өзгертеді. Сол кезде Грузияға бармасақ, қазір осы жерде тұрмас едік», – деді жас жұбайлардың ортақ досы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.