Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің барлығы – білім, оқу мен тоқу арқылы жасалған. Білім алу сипаты алуан түрлі екенін ескерсек, қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті, жан-жақты, көп тіл білетін мамандар дайындау.
Бүгінгі таңда жаһандық білім кеңістігін қалыптастыратын және жалпы адами капитал мобильділігін қамтамасыз ететін маңызды құрал болып саналатын академиялық ұтқырлыққа әрбір жоғарғы оқу орындары ерекше көңіл бөледі.
Академиялық ұтқырлық қазақстандық жоғары оқу орындарының халықаралық білім беру кеңістігіне интеграцияланудың құралы ретінде ғана емес, сонымен бірге әлемдік еңбек нарығында да, ұлттық экономикада да лайықты орын алатын сапалы еңбек ресурстарын қалыптастырудың факторы ретінде маңызды рөл атқарады.
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті академиялық ұтқырлықты «ғылымдағы жетістіктердің бір факторы» ретінде қарастырып, халықаралық қызметіндегі алғышартты бағыттарының біріне жатқызады.
Бүгінгі таңда университетте алдыңғы қатарлы қазақстандық оқу орындарымен қатар Германия, Испания, Польша, Латвия және т.б. шетелдік жетекші университеттерімен академиялық ұтқырлық аясында бірлескен бағдарламалар жасалып, халықаралық әріптестіктер орнатылған.
Университеттің әлемдік білім беру кеңістігіне енуі студенттердің Европаның «Erasmus» деп аталатын керемет академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Европаның университеттерінде білімдерін шыңдауға мүмкіншіліктері зор. Европаның әйгілі ғалымдарының дәрістерін тыңдай отырып өз білімін толықтырып қана қоймай, өзге мәдениетті танып-білуге, мемлекеттер мен континенттерден достар табумен қатар, шет тілін игеру деңгейін жақсартып, теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдете алады.
«Экономика және құқық» факультетінде Болон процесі аясындағы студенттердің академиялық ұтқырлығына үлкен мән беріледі. Тіпті өткен жылында пандемиядан енгізілген шектеулер оқу процесінің қашықтықтан оқыту режиміне ауыстырылып студенттердің академиялық ұтқырлық бойынша білім алуына кедергі болған жоқ. Халықаралық Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдерін дамытуға арналған ауылшаруашылық университеттерінің консорциумы құрамы (КАСКАД) факультет студенттеріне академиялық ұтқырлық бойынша онлайн режимінде лекция өткізді.
Ал, ішкі академиялық ұтқырлық бойынша ағымды оқу жылының күзгі семестрін 2 курс, «Жергілікті мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасының студенттері Сайын С. С., Байболатова А.Е. және Тойла А.Ғ. Алматы технологиялық университетінде оқып келді.
Факультеттің студенттері академиялық ұтқырлық аясында Алматы қаласындағы «Халықаралық бизнес университетінде» (UIB), Астананың «Туран» университетінде, NARXOZ» университетінде, сонымен бірге, «Erasmus+ бағдарламасы бойынша Польша мемлекетінің «Жешув университетінде», «Катовица экономикалық университетінде» және Испанияның «Хуэльва Университетінде» білім алып келді. Сонымен бірге, факультеттің тек қана студентерді шетелге оқуға жіберу ғана емес, шетелдік, яғни Германияның «Хайльбронн университетінің» студенттерін қабылдау да тәжірибесі жеткілікті. Өткен оқу жылында «Капитал» елінің студенттері «Менеджмент» мамандығы бойынша бір семестрлік оқудан өтті.
Студенттердің келесі оқу жылында да осы аталған университеттерде бір семестрлік білім алуға мүмкіншіліктері бар.
Осылайша, студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатыса отырып, жоғары сапалы білім беру бағдарламаларына, курстарға және зерттеу мүмкіндіктеріне қол жеткізіп, өмірлік тәжірибе мен академиялық білімнің мол қорын жинап, ұлттық экономика мен қатар бәсекелестік әлемдік еңбек нарығында да лайықты орын алатындығы сөзсіз.
Ал, академиялық ұтқырлықты тек университеттер арасындағы студент алмасу деп қарастырмай, интеллектуалдық өрлеудің, ғылым және мәдениет, оқыту технологиясымен алмасу деп көздеген жөн.
Раймбекова У.К., «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы