Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қайырымдылық – қадірлі іс

0 62

Қайырымдылық жасау үшін асып-тасып бай болудың қажеті шамалы, ең бастысы мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті. Кез келген қиын жағдайда адам баласы әртүрлі бағытта көмек қолын соза алады. Біреулер жаны жабырқау жүргендерді жұбата отырып күлкі сыйлауы мүмкін, ал, біреулер қиын сәтте қол ұшын беріп, көмек жасайды. Міне, сондай игі істі облыстық мүгедектер қоғамдық бірлестігі қолға алды. Мүмкіндігі шектеулі және ерекше білім беруді қажет ететін жастар мен жасөспірімдер арасында кешенді іс-шаралар ұйымдастыру бірлестіктің негізгі бағытына айналып отыр. Соның бірі Жамбыл облысы бойынша көзі көрмейтін және нашар көретін жастар арасында суретшілер байқауының ұйымдастырылуы.
Нәтижесінде «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №3 «Мейiрiм» арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазіргі қызметкері әрі аталмыш мектеп түлегі Дулат Кульчиков өзінің қабырғаға салған ерекше суретімен оқ бойы озық шықты. Суретші өзінің қылқаламынан туған ғажап туындыларын салуда көзі еш кедергі келтірмейтінін айтты.
Сондай-ақ, аталған мектеп қабырғасындағы балаларға бұған дейін облыстық мүгедектер қоғамдық бірлестігі мүмкіндіктеріне қарай «Бәріміз бірдейміз», «Жан жылуы», «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық шараларын ұйымдастырған. Жүректерінен жылу төккен бірлестік ұжымына мектеп оқушылары да өз өнерлерін көрсетіп, концерттік бағдарламасын ұсынды.

Марина Мосалева,
облыстық мүгедектер қоғамдық бірлестігінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.