Қалалық қоғамдық-саяси газет

Айшыққа толы айтулы мереке

0 477

Елімізде қараша айының үшінші жексенбісі Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні ретінде аталып өтеді. Айтулы мерекеге орай сала ардагерлері жүрекжарды лебіздерін жолдаған еді. 

«Халықтың әл-ауқатының артуына қосқан үлестеріңіз қомақты»

Аманжол Аманбаев,
ауыл шаруашылығы саласының ардагері

– Қадірлі ауыл еңбеккерлері және ауыл шаруашылығы қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ауыл шаруашылығы – ел тіршілігінде ерекше орын алатын маңызы зор салалардың бірі. Президентіміздің көреген саясатының арқасында агроөнеркәсіп кешеніне ерекше көңіл бөлінуде.
Тәуелсіздік алған жылдардан бері мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған бюджеттік бағдарламалар жүзеге асырылып келеді.
Мемлекеттің қамқорлығы мен қолдауы арқасында көптеген игі істер атқарылып, ауыл шаруашылығының тұрақты өсуіне қол жеткізілді. Сондықтан Сiздер қажырлы еңбектерiңiзбен елiмiздiң экономикасының дамуына ғана емес, қоғамның әлеуметтiк тұрақтылығының нығаюына да қомақты үлес қосып келесiздер.
Баршаңызды мерейлі мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, еліміздің гүлденіп, халқымыздың ырысын молайту жолындағы ерен еңбектеріңізге толағай табыс, өздеріңізге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін.
Еңбектеріңіз жемісті, әрбір күндеріңіз жеңісті болсын!

«Ел экономикасын ілгерілетудегі еңбектеріңіз ерен»

Зиягүл Сағымбаева,
ауыл шаруашылығы саласының ардагері

– Құрметті ауыл шаруашылығының қызметкерлері, қымбатты жерлестер! Сіздерді мерекемен шын жүректен құттықтаймын.
Ұлттың тамыры, халықтың түбірі қайда десе, ең алдымен туған ауылымыз есімізге түседі. Иә, туған ауылдың ұлтарақтай жерін құт-берекеге айналдырып, шаруашылығына жан бітірген азаматтарымызды біз қашанда мақтан тұтамыз.
Жасаған әрбір игіліктеріңіз, тиянақты тірліктеріңіз ел экономикасын ілгерілетіп, халықтың әл-ауқатының артуына септігін тигізіп келеді. Мұның бәрі сіздердің еңбектеріңіздің нәтижесі екені сөзсіз. Сіздер өз уақыттарыңызды толығымен сүйікті істеріңізге арнайсыздар. Жерлестер алдында үлкен жауапкершілікті мойындарыңызға алып, жанқиярлықпен еңбек етіп жатырсыздар. Сіздердің қажырлы еңбектеріңізге әр азамат бас иеді.
Барлығыңызды мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға денсаулық пен амандық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!

«Қажырлы қызметтеріңіз барша құрметке лайық»

Аманбай Қошамбеков,
ауыл шаруашылығы саласының ардагері

–Құрметті ауыл шаруа-шылығы саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Жамбыл облысы – ауыл шаруашылығымен аты шыққан өңір. Мұнда асыраушы саланы көркейтуге, дамытуға мүмкіндік мол. Сондықтан да өңірдегі қарапайым халықтың дені мал шаруашылығымен айналысады. Ол үшін бізде барлық жағдай бар: жайлы климат, суармалы жерлер, жеткілікті көлемдегі мал басы мен құс саны, өңдеу өнеркәсіптері және ең бастысы, Әулиеата өңірінің еңбексүйгіш халқы – біздің басты байлығымыз.
Агросаланың ел экономикасын дамытудағы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей қадағалауымен жүргізіліп жатқан реформаларды жүзеге асыраудағы рөлі өте маңызды. Мысалы, мемлекет қолдауының нәтижесінде тірлігін тіктеп отырған шаруалардың арқасында биыл облыстағы мал саны 4,1 миллион басқа жетіпті. Бұл – еңбек ету арқылы зор табыстарға қол жеткізудің басты айғағы.
Одан бөлек, егін шаруашылығында, жаңа технологиялар енгізуде, салаға инвестиция тарту мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бағыттарында көптеген үлкен жетістіктерге жетіп отырмыз. Бұған атсалысып, аянбай тер төккен баршаңызға ауыл шаруашылығы саласының ардагері ретінде айрықша ризашылығымды білдіремін. Сіздердің қажырлы қызметтеріңіз барша құрметке лайық.
Ендеше, қамбаларыңызға астық толып, шаңырақтарыңыз шаттыққа бөлене берсін.
Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын! Қажырлы қайрат, молшылық пен табыс тілеймін!

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.