«Эрцгебирге» клубының басшылығы Алексей Шпилевскийді қызметінен босатты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Nege.kz сайтына сілтеме жасап.
Клуб басшылығы аталмыш шешімді «Падерборннан» (1:4) оңбай ұтылған соң қабылдап отыр. Шпилевский неміс командасымен жеті ойында небәрі 3 ұпай еншілеген болатын. Соның салдарынан «Эрцгебирге» турнир кестесінде 18 орынға түсіп қалды. Еске салайық, беларуссиялық маман осыған дейін Алматының «Қайратын» жаттықтырды. Өткен жылы «халықтық» командамен бірге Қазақстан біріншілігінде чемпион атанды.