Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қайрат Әділгерей Лұқпан Жолдасовтың құйрығын шұқығаны үшін кешірім сұрады

0 1  412

Әзіл әлемі театрының актеры, әзілкеш Қайрат Әділгерей әнші Лұқпан Жолдасовтың құйрығын ұстаймын деп ұятқа қалды. Ол өз әрекеті үшін қатты қысылып, кешірім сұраған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі сілтеме Экспресс К. жасап

Whatsapp желісінде тараған аудиожазбадан Қайрат Әділгерейдің даусына ұқсас адамның әншіден кешірім сұрап, ұяттан өлердей болып отырғанын аңғаруға болады. Онда ол өз әрекетіне қысылатынын және бейнежазбаның сыртқа қалай шығып кеткеніне таңданысын жасырмайды.

 

«Біздің іште жүрген видео тарап кетіпті. Өшіре салу керек еді ғой. Кімде жүрді ол, біреу-біреуге таратты ма, не болды мынау?! Ұятқа қалып жатырмыз. Лұқпан аға, айып етпеңізші! Кешіріңізші! Ұяттан өліп, қызарып жатырмыз мына жерде. Бүкіл чатта жүр», — дейді аудиожазба авторы.

 

«Қайраттың мына тірлігі өте ұят болыпты. Лұқпан ағаға олай жасағаны көргенсіздікті білдіреді», «Бір сәтсіз шыққан қалжың болды-ау», «Енді тыққан қолымен тамақ жейді. Қолы арам болды», «Бұлардың бәріне не болған? Этика- эстетикадан жұрдай ғой. Ақшадан басқа көздері ештеңені көрмей қалған», «Осы Қайраттың басы істемейді, халықтың алдында ән айтып тұрған адамның артын ұстайма екен?! Әзілдіңде орны бар, мәдениеттен жұрдай тәлпіш еркек», — деп жазды желі қолданушылары.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.