Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қайрат Құдайберген: Мен «Дикий» Арманның демеушісі емеспін

0 640

Алматы қалалық мәслихатының депутаты, танымал кәсіпкер Қайрат Құдайберген ел арасында өзі жайлы тараған қауесеттердің нүктесін қойды. Бұған дейін ол Дубайда демалып жатқанын, Бас прокуратура қаңтардағы митингілерге байланысты жауап алуға шақыртып жатқанын айтқан еді. Осыған байланысты кейбіреулер Құдайбергенді БАӘ-ден экстрадициялады деп ақпарат таратқан. Құдайберген мұның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Барып тұрған сандырақ. Прокуратура мені куәгер ретінде шақырды. Ал ҰҚК Алматы прокуратурасы жауап алуға шақырған жағдайда, оларға қайта келудің қажеті жоқ екенін айтты», – деді депутат.

Бұдан бөлек, Қайрат Құдайберген Қазақстанда құмар ойындар әлемінде төңкеріс жасап, жаңа ұйымды қолпаштайтыны туралы ақпарат пайда болған. Алайда кәсіпкер онлайн казино мен букмекерлерге қарсы екенін және бұл қарсылығын петиция құру арқылы білдіргенін меңзеді.

Сондай-ақ, кәсіпкер «Дикий» Арманға қатысты сауалдың нүктесін қойды. Бұған дейін ол Арманды қолдап, пост жазған еді. 

«Мен «Дикий Арманның» демеушісі әрі досы екенмін. Бұл енді сандырақтың ішіндегі сандырақ. Арман Жұмагелдиевпен мен митингілер кезінде алаңда алғаш көрістім. Демеушілік туралы сөз болуы мүмкін емес», – деді Құдайберген.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.