Жәния Джуринская мен Данияр Хизметовтың тойында қонақ болған Жұлдыз Әбдукәрімова ерекше образымен көзге түсті. Фанаттар Жұлдыздың сұлулығына қайран қалып, Қайраттың қайда жүргенін сұрады,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Жұлдыз Әбдукәрімова әріптестерінің тойына ерекше стильдегі, жылтыр қара түсті көйлек киіп келді. Актриса Instagram-дағы парақшасында видео жариялап, жүріс-тұрысымен фанаттарын естен тандырды.
«От әйел, сен ғажапсың», «Қайрат қайда қарап жүр?», «Қандай қуыршақ, 4 баланың анасы», «Сен сияқты сұлу басқа жоқ», «Не деген фигура, отсыз ғой», «Бойшаң екенсіз, сұлу», «Сөз жоқ әдемі», «Қайратпен бірге барғанда жақсы болушы еді», – деп жазды оқырмандар.