Қалалық қоғамдық-саяси газет

Айнұр Тұрсынбаеваның сіңілісі туған күнінде доллар шашты

0 320

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның туған сіңілісі, мотиватор Ардақ Жексенбайқызы туған күнінде ақшадан шашу шашты, деп хабарлайды Экспресс К.

Халықты ақша табуға үйретіп, мотивация берумен аты шыққан Ардақ Жексенбайқызы туған күнін дүркіретіп атап өтті. Оның Instagram-дағы парақшасынан мерекелік кештің «мафия» стилінде өткенін көруге болады.

«Туған күн — мафия стилінде өткендіктен, міндетті түрде «Мафия» ойынын ойнадық. Бұл ойын: адамның танымдық қасиетін арттырып ойлау қабілетін жақсартады. Адамның психологиялық және эмоционалдық деңгейін дамытады. Ішкі сезімдерге құлақ аса отырып, нақты шешім шығаруға ықпал етеді. Мафия ойыны — бизнес саласында өркендеуге өте керемет көмек береді», — деп жазды Ардақ Жексенбайқызы.

Ардақ Жексенбайқызы туған күнінде ақшадан шашу шашты
Ардақ Жексенбайқызы туған күнінде ақшадан шашу шашты

Ардақты туған күнімен құттықтап жатқандар көп. Әпкесі Айнұр Тұрсынбаева да сіңілісіне ақжарма тілегін білдірген.

Менің сүйікті сіңілім, сені туған күніңмен құттықтаймын және сен армандайтын барлық нәрсе міндетті түрде орындалғанын тілеймін, — деді Айнұр Тұрсынбаева.

Айта кетейік, Айнұр Тұрсынбаеваның ұлының тойында Ардақ Жексенбайқызы ресейлік әнші Авраам Руссоны алдыртып, айтыскер ақындарға 500 мың теңгеден таратқан болатын. Түркиядағы дүбірлі той туралы бірнеше материал жазды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.