Қалалық қоғамдық-саяси газет

Аймақ басшысы тігінші Анар Бексұлтановамен кездесті

0 252

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Шебер шаңырақ» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы, тігінші Анар Бексұлтановамен кездесті.

Кездесуде тағдыр сынағына қарамастан ұлттық қолөнер – тігіншілікті жанына серік етіп, сол арқылы айтарлықтай жетістіктерге жетіп, бүгінде өз кәсібін ашып, бірқатар нәзік жандыларды жұмыспен қамтып отырған Анар Бексұлтанова өзінің өмірлік тәжірибесін негізге ала отырып, ой-пікірімен бөлісті.

Ол ұлттық қолөнер – тәрбие көзі екенін, оның жас ұрпақтың қалыптасуындағы маңызды рөлін айрықша атап өтіп, мектеп оқушыларына арналған қолөнер курстарын ұйымдастыру бойынша ұсынысын білдірді. Сол арқылы құрақ құрау, жүннен жасалатын бұйымдар, ши тоқу және тағы басқа қолөнер түрлерін жаңғырту – көзделуде.

Сондай-ақ, қолөнершілердің статусын көтеру, әр ауданнан бес адамды осы жұмысқа баули отырып, қолдау көрсету, көрме өткізуге көмектесу, ол үшін арнайы қолдау қорын құру секілді жобасы мен өтінішін жеткізді.

Кездесуде мектептегі еңбек пәні мұғалімдерін де арнайы курстардан өткізудің де өзектілігі айтылды.

Облыс әкімі барлық ұсыныстардың маңыздылығына тоқталып, жергілікті билік тарапынан жан-жақты қолдау бойынша тиісті шаралар қаралатынын жеткізді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.