Қалалық қоғамдық-саяси газет

Аймақ басшысы Тараздағы бірқатар құрылыс нысандарын аралады

0 225

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 516 орындық жатақханасының құрылысымен танысты.

Мердігер «ПИКО» ЖШС нысанды ағымдағы жыл соңына дейін тапсыруды жоспарлап отыр.

Қазіргі таңда мұнда 60 жұмысшы еңбек етуде. Ғимаратқа жылу, электер желісі және орталықтандырған су құбыры тартылып, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары атқарылуда.

Аймақ басшысы нысанды аралап көріп, кем-кетіктерді реттеп, уақыт созбай тапсыру бойынша жауаптыларға міндеттер жүктеді.

Келесі кезекте Нұржан Нұржігітов Тараз қаласы Қаратай Тұрысов көшесіндегі (№5) құрылысы ұзақ жылдан бері аяқсыз қалған нысанның жай-күйіне қанықты. Облыс әкімі тиісті тұлғаларға бір ай уақыт ішінде мұндағы құрылыс жұмыстарын қайта қолға алып, тезірек аяқтау керектігін ескертті.

Сондай-ақ, аймақ басшысы облыстық қан орталығының қызметімен танысты. Қан және оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сапасын бақылау, сақтау, өткізу және құю жұмыстары атқарылатын орталықта бүгінде 118 қызметкер еңбек етуде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.