Қалалық қоғамдық-саяси газет

Аймағамбетов қандай оқушыларға 4,5 миллион теңге сыйақы берілетінін айтты

0 791
Халықаралық олимпиада жеңімпаздарын ынталандыру және қолдау мақсатында «алтын» медальға 1500 АЕК көлемінде біржолғы сыйақы беріледі.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халықаралық олимпиада жеңімпаздарына берілетін сыйақы мөлшерін жариялады.

 

«Халықаралық олимпиада жеңімпаздарын ынталандыру және қолдау мақсатында «алтын» медальға 1500 АЕК, биыл ол 4,5 миллион теңгеге жуық, «күміске» – 1000 АЕК, «қолаға» – 500 АЕК ақшалай біржолғы сыйақы тағайындау жоспарлануда», – деді Аймағамбетов үкімет отырысында.

Сондай-ақ министр халықаралық олимпиада жеңімпаздарына конкурсқа қатыспай-ақ жоғары оқу орындарына түсу үшін грант берілетінін мәлімдеді. Бұл мәселе заңнамалық түрде реттеледі.

Жеңімпаздарды дайындаған ұстаздар мен тәлімгерлерге де біржолғы қаржылай сыйақы беру жоспарланып отыр.

 

sputnik.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.