Қалалық қоғамдық-саяси газет

Айгүл Мүкей: Анам ерте қайтыс болды, мен оқуға түсу үшін Алматыға бардым

0 580

Танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей студенттік жылдары туралы айтып берді. Анасы қайтыс болғаннан кейін жас қыз Алматыға келіп, Жүргенов атындағы өнер академиясына оқуға түскен. Айгүл Мүкей өткен күнгі естеліктерін сағынышпен еске алды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бір қыз “Сен неге мұңды пост жазасың, өткенді жиі есіңе аласың?” дейді. Бірақ мен күш-қуатқа толымын, көңілдімін. Өткен күннің естеліктерін сағынамын. Бүгін Алматыға қалай көшкенімді есіме алдым. Анам қайтыс болды. Еуразия университетін бітіріп, кейін Жүргенов атындағы университетке түсуге бел будым», – деп бастады әңгімесін Айгүл ханым.

Тележүргізуші алғашында ана тілін білмегенін айтты. Мүлде тіл білмегенімен, қазақ бөліміне оқуға түскен.

“Барлық атақты кино, театр әртістері, барлық дерлік әншілер, киногерлер – менің курстастарым, құрдастарым. Қазір олар менің жақын достарым. Олар “Мына орысша сөйлейтін қыз қайдан келді?”деп таңғалды. Мен өзімді-өзім зорлап, әйтеуір бір ғажайыппен қазақ бөліміне түстім. Қазақша түсінбеймін, ақшасыз жүрдім. Бірақ екі жылдан кейін құрдастарыммен қазақша сөйлесіп жүрдім. «Сен бізді алдадың, тіл білдің» деді бәрі”, – деді тележүргізуші.

Айгүл етсіз тағам пісіруді қалай үйренгенін айтып берді.

“Ол кезде ет іздемйтінбіз. Кеспе, картоп жеп жүре беретінбіз. Қызықты уақыт, сізде де болған шығар”, – деп түйіндеді ол.

Жазылушылар өз пікірлерін қалдырды.

«Иә, студенттік кезімізде біз мүлде ет іздемейтінбіз, мейрамдарда макарон, қуырылған картоп жейтінбіз», » Айгүл өте жақсы адам және мейірімді!”, «Қазақ телеарнасының үздік журналисі», – деп жазды олар.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.