Қалалық қоғамдық-саяси газет

Айгүл Иманбаева Сәбит Әбдіхалықовтың үшінші әйелін көпшілікке таныстырды (видео)

0 406

Айгүл Иманбаева Сәбит Әбдіхалықовтың үшінші әйелін көпшілікке көрсетті. Әнші оны көпшілік алдында бетінен сүйіп, ерекше ықыласын көрсетті. Желі қолданушылары бұған қатысты түрлі пікір жазды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Күні кеше 45 жасқа толған Мейрамбек Бесбаевтың туған күн кешінде өнер өкілдері бас қосты. Мерекелік кеште Айгүл Иманбаева мен Сәбит Әбдіхалықов қонақ болды.

Айгүл Иманбаева Сәбит Әбдіхалықовтың үшінші әйелі Динара Абдуллинамен бірге видеоға түсіп, оны көпшілікке таныстырды.

“Бұл – Динара Абдуллина, Хақназардың анасы. Көргеніме қуаныштымын”, – деді Иманбаева.

Иманбаева бұрынғы күйеуінің әйелін бетінен сүйіп, татулығын көрсетті.

Бұл сәт желі қолданушыларының қытығына тиді. Енді бірі мұны әйелдің мықтылығына балап жатыр.

“Айгүл Иманбаева күйеуінің әйелдеріме жақсы араласып үйренген ғой”, “Тым асыра жағымпаздықтың не керегі бар?”, “Мықты әйел, ешқандай арам ойы жоқ”, “Келіншегі сұлу екен”, “Мен олай ете алмас едім”, “Иманбаева кейде шоу ойнайды”, “Намыс деген болу керек қой”, “Намыстанатындай күйеуін кеше тартып алған жоқ қой, Айгүл ханымға бұрынғы күйеуінің өмірі қызық та емес” деп жазды олар.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.