Қалалық қоғамдық-саяси газет

АХАТ бөлімдерінің қызмет көрсету тәртібі өзгермейді

0 319

АХАТ бөлімдері Мемлекеттік корпорация құрамына берілгенімен қызмет көрсету тәртібі бұрынғысынша қала бермек. Некені тіркеуге өтініштерді қабылдау, өңдеу, сондай-ақ шешімдер қабылдау және нәтижелерді беру АХАТ органдарымен жүзеге асырылады.⠀
Естеріңізге сала кетейік, 1 шілдеден бастап АХАТ бөлімдері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бағынысына берілетін болады. Алайда, бұл өзгеріс АХАТ аудандық және қалалық бөлімдердің қызметіне әсері жоқ. Әдеттегідей жұмыстарын атқарып, электрондық үкімет порталы арқылы онлайн өтініш беру мүмкіндігі сақталады.⠀
Сондай-ақ, қызмет көрсету стандарттары, оларды қарау тәртібі мен мерзімдері өзгеріссіз қалады. Бұдан басқа, мемлекеттік корпорацияда АХАТ қызметкерлеріне жүктемені төмендетуге мүмкіндік беретін қосымша штаттық бірліктер көзделген.⠀
Айта кетейік, некеге тұрғысы келетіндер тіркеуші органға жеке басын куәландыратын құжаттармен бірге келуі керек. Бұл некені тіркеудің белгіленген күнінде жасалады. Өтініш берген кезде қызмет алушылар неке қию рәсімін салтанатты жағдайда немесе қарапайым түрде өткізуді өздері таңдай алады.⠀
АХАТ қызметтерін тек тіркеуші органның қызметкерлері көрсететінін атап өтеміз. ХҚКО операторларын қоса алғанда, Мемлекеттік корпорацияның басқа қызметкерлері АХАТ ақпараттық жүйесіне қол жеткізе алмайды.⠀
АХАТ бөлімдерінде әлеуметтік маңызы бар қызметтер, атап айтқанда бала тууды тіркеу, қаза болуын тіркеу тегін болып қалады. Ақылы қызметтердің тарифі қосымша құн салығын ескере отырып есептеледі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.