Қалалық қоғамдық-саяси газет

Агроөнеркәсіп – әлеуеті зор сала

0 779

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз конференциясын өткізуде. Басқосу барысында Ербол Шырақпайұлы аймақтың агроөнеркәсіп кешеніндегі ахуалына тоқталды.

– Аталған салада нақты серпіліске қол жеткізу, үш жылда қайта өңделген өнімнің үлесін 70 пайызға дейін ұлғайту – Мемлекет Басшысының Жолдауы аясындағы тағы бір негізгі міндет.

Ағымдағы жылы Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы саласын қолдауға 25,1 млрд теңге субсидия бөлінді. Бұл 1,5 мың жаңа ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға, 552 шаруа қожалығына 511 млн теңгеге жоғары өнімді тұқым сатып алуға, ірі қара мал басын – 5,8 пайызға, қой санын – 9,8 пайызға, жылқыны 9,7 пайызға арттыруды қамтамасыз етуге, ет өндірісін – 3,6 пайызға, сүтті 1,4 пайызға ұлғайтуға, өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін арттыруға, орташа өнімділігі 9,6 ц/га құрайтын 363,2 мың тонна дәнді және бұршақты дақылдар, 179 мың тонна қант қызылшасын жинауға мүмкіндік берді.

Ағымдағы жылы облыста суармалы су тапшылығы мәселесіне байланысты жалпы ауданы 9,2 мың га 392 шаруа қожалығының егістік жерлері зардап шекті. Шаруалар шығынын өтеу үшін ҚР Үкіметінің төтенше резервінен 3,7 млрд теңге бөлініп, бүгінге 2,7 млрд теңгеге 358 ауылшаруашылығы тауарларын өндіруші қаржыландырылды, – деді Е. Қарашөкеев өз сөзінде.

Жалпы ағымдағы жылы агроөнеркәсіп саласында 8,6 млрд теңгеге 159 жұмыс орнын құру көзделіп отырған 7 инвестициялық жоба іске асырылуда. Жобаларды іске асыру көкөніс сақтау қоймаларының қуатын 41 мың тоннаға, сүт өңдеу кәсіпорындарының қуатын 7 мың тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ет өндірісі 7,5 мың тоннаға артады.

Қазіргі уақытта облыс экономикасындағы ауыл шаруашылығының үлесі шамамен 7 пайызды құрап отыр. Нәтижесінде Жамбыл облысы агроөнеркәсіп өнімі көлемі бойынша республика өңірлері арасында 6 позицияға орналасып отыр. Жыл қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі 535 млрд теңгеге дейін жетеді деп күтілуде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.