Үндістанда аттракцион ішіндегі адамдармен қоса15 метр биіктіктен құлады. Оқиға салдарынан 50-ден аса адам зардап шегіп, 16-сы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Dainik Jagran.
Оқиға Пенджаб штатының Мохали қаласындағы ойын-сауық саябағында болған. Биіктіктен еркін құлауды имитациялайтын аттракцион қажетті нүктелерінде тоқтамай, адамдармен бірге жерге құлап кеткен.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, кемінде 50 адам жарақат алған. Олардың 16-сы ауруханаға жеткізілді.