Жамбыл облыстық әлеуметтік оңалту орталығында 3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күніне орай кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Адам – керуен, өмір – жол» атты әдеби алтыбақан өткізілді.
Шараның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарға рухани қолдау көрсету, олардың қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасау, кітап оқу мәдениетін насихаттау және өмірге деген құлшынысын арттыру болды.
Әдеби алтыбақан барысында қатысушылар танымдық сұрақтарға жауап беріп, қазақ әдебиеті мен поэзиясынан үзінділер оқып, пікір алмасты. Сонымен қатар қатысушыларға өмірге құштарлық, төзім мен жігер туралы ой қозғайтын кітаптар таныстырылды.
Шара жылы атмосферада өтіп, орталық тұрғындары мен қызметкерлеріне ерекше көңіл күй сыйлады.